жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -10°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
11 Шілде 2018

Федоров су қоймасында «Суда адам өліміне жол жоқ» акциясы өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Федоров су қоймасының жағажайында «Суда адам өліміне жол жоқ» атты акция өтті. Шараны Қарағанды қаласы ТЖ басқармасы «ҚО ТЖД Жедел құтқару бөлімі» ММ, Қарағанды облысының ҚР ІІМ ТЖК «Апатты медицина орталығы» ММ, « ҚР Жарты Қызыл Ай Ұйымы» ҚОФ мамандары ұйымдастырды.

Аталмыш акция демалушыларға қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру, судағы төтенше оқиғаларды төмендету және алдын алу, алғашқы көмек көрсету тәсілдері үйрету үшін ұйымдастырылды.
Акцияға қатысушыларға «Жаз кезеңінде судағы қауіпсіздік шаралары», «Балалардың демалыс уақытында қауіпсіздік қамтамасыз ету ата-аналар жаднамасы» тақырабында арнайы парақшалар таратылды.

Қарағанды қаласының ТЖБ қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.Ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Қарағанды қаласы бойынша 17 су нысандары бар, соның ішінде азаматтардың суға шомылуына жарамды болып Федоров су қоймасыңың сол жақ жағалауы ( Қалалық жағажай, Яхт клубы, «Маяк», Дайвинг орталығы ) мен Орталық демалу саябағындағы су қоймасы.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы