жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Маусым 2018

ҚарМТУ ЖОО-ның 65 жылдығы құрметіне халықаралық конференция өткізіп жатыр

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 14-ші маусымда дәстүрлі «Сағынов оқулары» өтеді. Биылғы жылы халықаралық ғылыми-техникалық конференция ЖОО-ның 65 жылдығына арналады.
Қазақстандық және шет елдік ғалымдар, ірі компаниялардың жетекшілері ғылымның, білім мен өндірістің бірігуі мәселесін талқылайды. Кездесуге түрлі жылдарда университетті тәмамдаған түлектер жиналады.
Конференцияға АҚШ, Франция, Канада, Польша, Австрия, Ресей және ТМД басқа елдерінен ғалымдар мен мамандар келеді деп күтілуде. 45 шет елдік ЖОО-ы мен ғылыми орталықтарының өкілдерінен 750-ден астам баяндамалар келіп түсті.
Конференция шеңберінде «Индустрия 4.0» және «Сандық машина құрастыру» ғылыми-білім беру кешендерінің таныстырулары өтеді деп жоспарлануда. Өнеркәсіптер мен ұйымдардың жетекшілерінің "Корпоративті университет" инновациялық білім беру консорциумын құрудың 10 жылдығына арналған жиналысы өтеді.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы