жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
16 Мамыр 2018

«Астана Опера» атақты «Богема» операсын Қарағандыда ұсынады

Фото: karaganda-region.gov.kz

«Астана Опера» театры Қарағандыға гастрольдік сапарға аттанады, 20 мамыр күні Кеншілер мәдениет сарайында көрермендерге Дж.Пуччинидің «Богема» операсы ұсынылатын болады. Басталуы 18.30, билеттер құны 1000, 1500, 2000 теңге.
Дирижерлік ететін – Қарағанды симфониялық оркестрінің бас дирижері Петр Грибанов, режиссері – Наталья Кагадий, «Астана Опера» театрының бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Гастрольдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді.
- Егер бес үздік итальяндық опера тізімін құрастыратын болсақ, онда Дж.Пуччинидің «Богема» операсы сөзсіз соның қатарына кірер еді, сондықтан гастрольге атақты композитор Дж.Пуччинидің танымал шығармасын таңдауды шештік. Дж.Пуччини өз уақытындағы қарапайым адамдардың шынайы өмірі туралы әңгімелейді және бір ғасырдан астам уақыт бойы осы опера әлемдік репертуардағы үздік туындылардың бірі болып қалуда. Театр труппасы спектакльге бар күш-жігерін салып дайындалуда, біз Қарағандылық көрермендерге нағыз мереке сыйламақшымыз. Сонымен қатар, 27 мамырда қарағандылық әріптестерімізді өз гастролімен күтетінімізді айта кеткім келеді. Олар «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында «Қарағандыдан жалынды сәлем» концертін ұсынады, мұнда ХХ ғасыр композиторларының жарқын симфониялық жауһар туындылары шырқалады, - деп атап өтті «Астана Опера» МОБТ директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.
Мими партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Рудольф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов, Марсель – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Коллен – Шыңғыс Расылхан, Шонар - Евгений Чайников, Мюзетта– Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, Альциндор - Болат Есімханов, Бенуа – Талғат Ғалеев, Парпиньоль –Бейімбет Таңарықов, Сержант – Нұрлыбек Қоспармақов орындайды.

«Богема» –таңқаларлық нәзік сезімталдығымен ерекшеленетін итальяндық опера. Оның оқиғалар желісі Париждің Латын кварталында Рождество қарсаңында өрбиді. Опера кейіпкерлерінің бәрі жастар. Бұлар кедей зиялы қауым, париждегі мансарда тұрғындары: ақын Рудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Өмірлерінің серігіне айналған мұқтаждыққа қарамастан, олар көңілдерін түсірмей, қиындықтарды әзілмен қарсы алады. Күнделікті өмірлері қуаныш пен поэзияға, достық пен махаббатқа толы.
Еске салар болсақ, «Астана Опера» театрының Қарағандыдағы алғашқы гастролі 2017 жылдың 20-21 сәуірде өткен еді, сол кезде қарағандылық көрермендерге К.Орфтың әйгілі туындысы – «Кармина Бурана» кантатасы және Гала-концерт ұсынылған.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы