жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
16 Мамыр 2018

Қарағанды облысындағы түзету кабинеттері көбірек балаларды қабылдайтын болады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Ол туралы «Дара» қайырымдылық қорының басшылығымен кездесу барысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов келісті.

«Дара» қайырымдылық қоры ерекше қажеттіліктері бар және жетім балаларға көмек көрсетумен айналысады. Қарағанды облысында қордың қолдауымен «Әртүрлі-тең» жобасы шеңберінде үш психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды. Олар Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларында орналасқан. Бұл кабинеттердің барлығы жалпы білім беру мектептерінің жанынан ашылған, себебі келешекте балаларға да, педагогтарға да инклюзивті білім беру жүйесіне ауысуға оңайырақ болады.
Мұндай кабинеттер дамыту дәрістеріне арналған, емдеу-сауықтыру дене шынықтыру бөлмелерімен жабдықталған, ерекше қажеттіліктері бар балалармен салалық маман педагогтары жұмыс істейді. Жүйе сабақтар тек балалармен ғана емес, сонымен қатар ата-аналармен де жұмыс жүргізуге бейімделген. Балаларды түзету кабинеттеріне туғанынан 18 жасқа дейін қабылдайды. Барлық дәрістер тегін, шығындар жергілікті бюжет есебінен жабылады.
Түзету кабинеттеріне есту, көру, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және даму ерекшелігі бар балалар келе алады. Олардың әрқайсысы үшін жеке бағдарлама құрылады.
- Жуырда ғана біз түзету кабинетін Теміртауда аштық. Ол мақсатқа 15 миллион теңге жұмсалды. Қазір онда барлығы 17 бала оқып жатыр және 6 педагог қызмет етеді. Олар аптасына 18 сағат, яғни күніне 3 сағаттан жұмыс істейді. Бұл, әрине, аз. Мұндай жағдай тек Теміртауға ғана емес, басқа қалаларға да тән. Кабинеттердің ауданы мен жабдықталуы штатқа 20 маманға дейін алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қазіргіден анағұрлым көбірек балаларды қабылдауға мүмкіндік тудырар еді. Қазір, мысалы, теміртаулық кабинет енді ғана жұмысын бастағанына қарамастан, келесі жылдың қаңтар айына дейін жазылып қойған, демек кезек өте үлкен. Егер біз қамтуды ұлғайтсақ, онда кезек те қысқарар еді, - дейді «Дара» қорының жобаларды үйлестірушісі Марал Шешембекова.
Қарағанды облысы білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, бұл проблеманы қазірден бастап шешуге болады.
- Түзету кабинеттеріндегі қызметкерлер штатын кеңейтуге болады. Ол үшін біздің бюджетте қажетті қаражат бар. Ол кабинеттерде жұмыс істей алатын мамандар аймағымызда жетерлік: оларды Қарағанды мемлекеттік университеті даярлайды, - деп мәлімдеді ол.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бұл мәселені назарға алып, жүйелі түрде шешуді тапсырды.
- Бұл проблеманы шешіңіздер, біз көріп отырғандай, балаларды қамту өте аз, оны түзету керек. Сонымен бірге қай аймақтарда ерекше күтімді қажет ететін балалар саны көбірек шоғырланғанын сараптап, сол жерлерде осындай кабинеттер ашу керек, осының барлығы ата-аналарға қолжетімді болуы тиіс. Біздің тарапымыздан қолдау көрсетіледі, - деді ол.
Кездесуде сонымен қатар Қарағандының екі балалар үйінде жүзеге асырылып жатқан "Тәлімгерлер" жобасының ары қарайғы дамуы талқыланды.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы