жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
15 Мамыр 2018

Дарында қарағандылықтарды Дельфий ойындарына қатысуға шақырады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Дельфий ойындарына қатысуға өтінімдер 20-шы мамырға дейін қабылданады. Қалалық кезеңнің ұйымдастырушылары өнердің түрлі салаларында өзінің жоғары шеберлігін көрсеткісі келетіндерді күтуде.

Конкурсанттар 34 номинация бойынша сайысады, оның қатарында фортепиано, баян, аккордеон, халық аспаптары, театр, академиялық, халық, эстрадалық ән айту, халық және қазіргі заманғы би, фотография, тележурналистика, қысқа метражды кино (бейнероликтер), бейнелеу өнері, киім дизайні, әсем қолөнер және басқалары бар.
Мүмкіндігі шектеулі қатысушылар үшін үш номинация қарастырылған: «Қимыл-әрекет арқылы ән айту», «Би» және «Клоунада».
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары Дельфий ойындарының облыстық және ұлттық кезеңдерінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 50-42-39, 8-775-785-11-85. Қалалық кезеңнің ұйымдастырушылары «Жастар Қазақстан болашағы үшін» қоғамдық ұйымы мен Қарағанды қаласының әкімдігі болып табылады.

Дельфий ойындары — өнердің түрлі салаларындағы сайыстар, байқаулар, фестивальдер, сондай-ақ көрмелер мен таныстырулар. Бұл сайыстар түрлі елдердің арасында достық және шығармашылық байланысты нығайтуға, әлем халықтарының мұрасын сақтап қалуға, басқа мәдениетттерді құрметтеуге септігін тигізеді. Халықаралық Ойындарға делегация әзірлеу үшін әлемнің әр елдерінің ұлттық ұйымдары жергіліктіден бастап, континеттікке дейін түрлі ауқымдағы іріктеу байқаулары мен фестивальдерін ұйымдастыра алады.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы