жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
15 Мамыр 2018

Қарағанды облысында ҰБТ өткізуге дайындық жүріп жатыр

Фото: karaganda-region.gov.kz

Аймағымызда ҰБТ өткізуге қалай дайындалып жатқаны туралы Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен жиналыс барысында білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалев мәлімдеді.
Биылғы жылы мектепті 8 140 оқушы бітіреді, олардың 5 960-ы ұлттық бірыңғай тест тапсыруды жоспарлап отыр. «Алтын белгі» алуға 316 түлек, және 268 мектеп бітіруші үздік аттестат алуға үмітті.
- Биылғы жылы республикамызда ҰБТ 20-шы маусымнан 1-ші шілдеге дейінгі аралықта өтеді. Қарағанды облысында тест өткізудің нақты даталары мамырдың соңында белгілі болады. ҰБТ өткізілетін 15 нүкте бекітіледі, оның 5-і ЖОО базасында, 10 – орта білім беру мектептерінде орналасады. Мамырда облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттар мен аудандағы мектептердің түлектері үшін on-linе режимде сынақ тесті ұйымдастырылады, - деп мәлімдеді Есенғазы Иманғалиев.
Оның айтуынша барлық орындар тест өткізуге дайын. Басым бөлігінде бейнекамералар мен аркалық металл іздегіштер орнатылған. Тағы да қосымша 3G, 4G и WI-FI сигналдарын басатын 30 ұялы байланысты басқыштар сатып алу жоспарланып отыр. Мұндай құрылғыларды Балқаш қаласы, Нұра және Шет аудандары сатып алған. Сондай-ақ аймағымызда 6 қолда ұстайтын металл іздегіштер мен тікелей байланысқа арналған 48 камера сатып алынады.
Тестілеу өткізілетін жерден 50 шақырымнан ұзақ қашықтықта тұратын түлектер үшін көлік ұйымдастырылады. ҰБТ өтетін күннен бір күн бұрын оларды алдын ала әзірленген орналасу жерлеріне жеткізеді: мектептер мен мектеп жанындағы интернаттарға. Төрт реттік тамақтандыру қарастырылған. Барлығы жатын орынмен 570 түлек, тамақтанумен – 1 484, көлікпен жеткізумен – 2 180 түлек қамтамасыз етіледі. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерден 8,1 млн теңге бөлінген.

Жалпы тестілеу форматы бұрыңғыдай қалады: түлектерге бес пән бойынша екі блокта сұрақтарға жауап беру керек болады. Негізгі блокқа үш пән енгізіледі: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – әрқайсысы 20 сұрақтан. Екінші блок түлектің таңдауынша екі пәннен құралады. Олардың әрқайсысы бойынша 30 тапсырма ұсынылады – 20 бір дұрыс жауабымен, жәнеде 10 – бірнеше дұрыс жауаптарымен. Барлық тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт беріледі. ЖОО-на түсуге өту ұпайы бұрыңғыдай қалды – 50 ұпай.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы