жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
17 Сәуір 2018

Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды

Фото: karaganda-region.gov.kz

VI халықаралық Infomatrix-Asia компьютерлік жобалар байқауы сәуірдің 12-нен 15-не дейінгі аралықта Алматы облысында Сүлейман Демирел атындағы университет негізінде өтті. Оған Қазақстаннан, жақын және алыс шет елдерден 450 жоғарғы сынып оқушылары келіп қатысты. Қарағанды облысынан байқауға 18 оқушы барды.
Байқау жеті номинация бойынша өтті: робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйелері (hardware), қысқа метражды фильм, дрондар жарысы (drone racing) және математикалық жобалар.
Өз жұмыстарын 4 ұйымның өкілдері ұсынды: №1 Білім-инновация лицей-интернат №1, «Мұрагер» және «Дарын» дарынды балалар мектептерінің, Қарағанды қаласы №57 мектеп-лицейінің. Үздіктер қатарына 8 қарағандылық жобалар да енді.
5 он бірінші сынып оқушылары жеңімпаз атанды: №1 БИЛ-ден Қуаныш Қайсар, Ердан Ержұманов және Әлішер Смағұлов, «Дарын» ММИ-нан Арнұр Нүркеев пен Әділ Қазкенов.
«Дарын» ММИ оқушылары Әділхан Нұрғалиев пен Әділ Қазкенов екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын Қарағанды қаласы №57 мектеп-лицейінің оқушысы Адай Тұрарға бұйырды.
Infomatrix-Asia халықаралық компьютерлік жобалар байқауының ұйымдастырушысы: «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық, Сүлейман Демирел атындағы университеті.

Қарағанды облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы