жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
17 Сәуір 2018

Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік қуаты 100% қалпына келтіріледі

Фото: karaganda-region.gov.kz

«Kazakhmys Holding» ЖШС-мен «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының қуатын 100% қалыпқа келтіру жайлы шешім қабылданды. Ол жайлы компанияның баспасөз-қызметі мәлімдеді.
Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру шеңберінде Елбасының алға қойған басты міндеттерінің бірі тау-кен – металлургиялық саласын дамыту болып табылады.
Жезқазған мыс балқыту зауытының қуатын ұлғайту күкірт қышқылы цехын салу арқылы 2 кен қыздыру пешінің (КҚП) жұмысын үдетудің арқасында мүмкін болмақ.
«Аталмыш шешім «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Стратегиялық даму бағдарламасы аясында, кеніштер мен фабрикалардың әлеуетін ескере отырып жасалды, делінген хабарламада. - 2009 жылы қолжетімді шикізат көлемінің азаюына байланысты завод бір кен қыздыру пешінің (КҚП) жұмыс режиміне көшіп, ал екінші балқыту агрегаты жұмысын тоқтатқан болатын. Мыс құрамды шикізат көлемінің ұлғаюын назарға ала отырып және болашақта Ақтоғай және Бозшакөл байыту фабрикаларының іске қосылатынын ескере келе, екінші кен қыздыру пешін (КҚП) іске қосу туралы шешім қабылданды».
Аталған шешім компанияның әлемдік мыс өндіру нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Компанияда жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.
- Тұрақты жұмыспен 600-дей адам қамтамасыз етілетін болады. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер жүздеген миллион теңгеге өседі, - деп түсініктеме берді «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Әділет Барменқұлов.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы