жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
16 Сәуір 2018

Ерлан Қошанов Наталья Сухоруковаға Қарағанды облысы әкімінің грамотасын табыс етті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгін облыс әкімдігінде Ерлан Қошанов Наталья Сухоруковаға құрмет грамотасын табыс етті. Наталья Евгеньевна құрметті демалысқа шығуына байланысты 2012-ші жылдан бері атқарып келе жатқан денешынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметін босатты.
- Бүгінде қарағандылық спорт республика бойынша көш бастап тұрғандар қатарында. Біздің мыңдаған спортшыларымыз әлемдік ареналарда өнер көрсетеді, олимпиадаларға қатысады, әртүрлі спорт түрлері бойынша ел құрамасына енеді. Аймағымызда балалар және жасөспірімдер спорты жақсы дамып келеді. Мұның барлығы, сөз жоқ, сіздің жақсы жұмысыңыздың нәтижесі, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Аймақ басшысы Наталья Сухоруковаға алғысын білдіріп, оған Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасын табыс етті.
- Құрметті әріптестер, мен сіздерге осыған дейін бірлесіп жасаған жұмыстарымыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді, - деді Наталья Сухорукова. – Елбасының тапсырмасы бойынша еліміздің тұрғындарының үштен бірі жаппай спортпен айналысуға жұмылдырылуы тиіс. Салауатты өмір салты қазір басымдылыққа ие, жәнеде біз сіздермен әлі спорт алаңдары мен стадиондарында кездесеміз.
12-ші сәуірден бастап Наталья Сухорукова «Шахтер» футбол клубының дамыту бойынша директоры лауазымын атқарады.

Наталья Сухорукова – Санкт-Петербург мәдениет университетінің, Қазақстан-Ресей гуманитарлық университетінің, Қарағанды экономикалық университетінің түлегі, Қазақстан спорт академиясының аспиранты, педагогикалық ғылым кандидаты.
2000-шы жылдан 2012-ші жылға дейін Наталья Сухорукова «Шахтер» стадионының директоры болып қызмет еткен. Бұл қызметте оның жұмыс нәтижесі ретінде балалар секцияларының ұлғаюы, сол кездегі ең үлкен спорт нысанының түрленуі мен жаңғыртуын атап айтуға болады. Басқарма жетекшісі қызметі барысында Наталья Сухорукова жаппай спортқа 40 мыңнан астам адамды жұмылдырып, кәсіби және әуесқой спортты дамытқан.
Наталья Евгеньевна Сухорукова «Нұр Отан» партиясының, Əйелдер және отбасылық-демографиялық саясат бойынша облыстық комиссияның, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының, Еуропалық спорт құрылыстары Қауымдастығының мүшесі. Оның бастамасы бойынша Қарағандыда тұрғылықты орын бойынша 40 аула клубтары ашылып, жұмыс істеп жатыр.
2012-шы жылдан бері Наталья Сухорукова Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылық етіп келді.
2012-ші жылы Қарағанды облысында дене шынықтыру және спортпен 373 764 адам айналысты. 2018-ші жылы – 415 464 адам.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы