жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
16 Сәуір 2018

Қарағанды облысында өндіріске енгізілуі мүмкін 40-қа жуық ғылыми жобалар іріктеліп алынды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың бастамасымен құрылған ғылым, инновациялар және жаңа технологиялар Кеңесі қазірдің өзінде нәтижелер көрсетіп жатыр. Ол туралы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен кезекті жылжымалы отырыста белгілі болды.
- Кәсіпорындар мен ЖОО арасында өзара әріптестік орнатылған. 50 ғылыми жобалардан пул құрылды, оның ішінен 36-ы іріктеп алынып, олар бойынша жұмыс басталды. Ол - қалдықтарды жою және қайта өңдеу, металлургия, энергетика және басқа да салаларға қатысы бар жобалар, - деп мәлімдеді Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ғалымжан Жұмасұлтанов.
Облыста «Сарыарқа» ӘКК жанынан аймақтық инновациялар кеңсесі құрылды.
Жүйе құрушы компаниялардың жетекшілері өздерінің ЖОО-мен және ҒЗИ-мен өзара қарым-қатынастары жайлы айтты.
- Ғылым бойынша Кеңестің жұмысы біздің, өндірісшілер және ғылыми ұйым қызметкерлері арасында байланысты жақсартуға септігін тигізіп жатқанын қазірдің өзінде атап айтуға болады, - деді «Корпорация Казахмыс» ЖШС басқару кеңесінің бас директоры Бақтияр Қрықпышев. – Біз ҒЗИ және ЖОО өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткіздік, онда 15 зерттеме ұсынылды. Олардың ішінен 14-і іріктеліп алынды. Анағұрлым тиімді идеяларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз.
Компания шартқа сәйкес емес мыс шикізатын байыту, тау-кен – металлургиялық өндіріс қалдықтарын пайдалану саласындағы технологияларына қызығушылық танытты.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖОО-ның 8 жобаларын іріктеп алды. Олардың бір бөлігі экологиялық проблемаларды шешумен байланысты. Кеңес отырысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин компанияға ғалымдардың көмегі қажет бағыттар туралы айтты. Ол – қалдықтарды жою бойынша технологияларды жасап шығару, қалдық қоймаларды тазарту және тағы да басқа проблемалық мәселелер.
- Өндірісшілер мен ғылым арасында түйісу нүктелері бар. Жүйелі түрде жұмыс істейтін боламыз. Біздің мақсатымыз – өзара байланыс орнатуға арналған алаң ұйымдастыру, ол нүктелерді нақты жобаларға айналдырып, жүзеге асыру, - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы