жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Сәуір 2018

Қарағандыны айналып өтетін жаңа жолда қозғалыс осы жылы іске қосылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Солтүстік-Шығыс айналып өту жаңа жолы бойынша қозғалыс осы жылы қосылады. Мердігерлер ондағы бір жолақтағы, Сұрыптау станциясынан Құрмаға дейін өтіп, Қарағанды-Алматы жолына шығатын бөлігінде жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгін облыс әкімі Ерлан Қошанов Солтүстік-Шығыс айналып өту жолының құрылысымен танысып қайтты.
Жаңа айналып өту жолының ұзындығы 48 шақырым, құны – 35 миллиард теңге. Жоба өзіне бес жол айырықтарын енгізеді: «Қарқаралы», «Доскей», «Шахтерский», «Үштөбе» және «Алматы». Жоба тапсырыс берушісі – «ҚазАвтоЖол» АҚ.
- Жол құрылысы 4 лотқа бөлінген. Оның үшеуін «СП Сине Мидас Строй» ЖШС түрік фирма-мердігері ұтып алды. Ол Пришахтинск ЖПУ-46-дан Қарағанды-Аягөз-Бұғаз жол айырығына дейінгі 15,6 шақырымға созылатын «Солтүстік айналып өту» бөлігін қалыпқа келтіру. Қазіргі іс жүзінде бар Қарқаралыға баратын көлік айырығынан басталып, Шахтерский ықшам ауданына дейін апаратын жолды қалыпқа келтіру. Және Шахтерский ықшам ауданынан Екатеринбург-Алматы жолына дейін апаратын Заречное ауылының маңынан өтетін жолдың жаңа бөлігін салу. Төртінші лот – ол жол айырықтарын салу. Онымен «Мостостроительный отряд им. Рязанова А.» ЖШС алматылық компаниясы айналысады. Жаңа жол төрт жолақты болады, негізгі материал – асфальт бетон, жоғарғы қабаты – ұсақ тас-мастикалық асфальт. Кепілдік мерзімі – 25 жыл, - деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин.
Ол сонымен қатар жұмыс сапасын тапсырыс беруші компанияның өкілдері күнделікті бақылап отыратынын жеткізді. Барлық пайдаланылатын материалдар зертханалық сараптамадан өтеді.
Жол құрылысына қажетті барлық дерлік шикізат – қазақстандық өнімдер. Онымен қоса, «Сине Мидас Строй» фирма-мердігердің өкілі Али Четкиннің айтуынша, олардың компаниясындағы 98% жұмыскерлер – қазақстандықтар. Олардың 70%-ын жұмыспен қамту орталығына сұраныс жіберіп, қарағандылықтар қатарынан алмақшы.
- Орындалуы тиіс жұмыстардың негізгі 4 пункті – ол қазақстандық материалдарды пайдалану, қарағандылық жұмыскерлер мен мердігерлерді жұмылдыру, сондай-ақ қозғалысты жартылай осы жылы іске қосуын қадағалау болып табылады. Бұл сапалы өзгерістер, тұрғындардың ыңғайлылығы, экологиялық жағдайдың жақсаруы. Қала транзиттік көліктерден босайды, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Солтүстік-Шығыс айналып өту жолы Орталық-Оңтүстік республикалық көліктік өткелдің бөлігі болады. Жаға айналып өту жолы автомобиль иелеріне жылдам әрі қала орталығына кірместен Қарағанды-Астана автобанынан Қарағанды-Алматы трассасына түсуге болады.
Күніне Қарағанды арқылы 22 000 транзиттік автокөліктер өтеді. Айналып өту жолының құрылысын толығымен 2019-шы жылдың қарашасында аяқтау жоспарланып отыр.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы