жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Наурыз 2018

Қарағанды облысында Worldskills чемпионатының аймақтық кезеңі басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында «WorldskillsKaraganda» жұмыс мамандықтарының чемпионаты басталды. Наурыздың 13-нен 16-на дейнгі аралықта онда он колледждердің студенттері өзара бақ таластырады.
Дүниежүзілік байқаудың аймақтық кезеңі Қарағанды облысында төртінші рет өткізіліп жатыр. Чемпионаттың мақсаты – жұмыс мамандықтарының беделін көтеріп, ісін енді бастап келе жатқан шеберлерге таңдаған салаларында үздік жетістіктерге қол жеткізуге көмектесу.
Биылғы жылы «WorldskillsKaraganda» байқауына 18-ден 22 жасқа дейінгі қыз-жігіттер қатысады. Ол болашақ дәнекерлеушілер, аспаздар, дизайнерлер, шаштараздар, құрылысшылар, ұстаздар, кондитерлер және басқалары – байқау 19 мамандық бойынша өтеді. Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары ұлттық турнирге қатысады. Үздіктер чемпионаттың әлемдік кезеңіне аттанады.
Өткен жылы Қарағанды облысының үш студенті ел құрамасына еніп, өздерінің кәсіби біліктіліктерін Абу-Дабиде өткен чемпионаттың әлемдік кезеңінде көрсетті. Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенті Сабыржан Дүйсенбеков «Тас қалау» мамандығы бойынша бақ сынады, сол оқу орнының тағы бір студенті Қасымжан Тұрғанбек «Бетондық жұмыстар технологиялары»мамандығы бойынша және Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті Полина Сидельникова «Мейрамханалық іс» бөлімі бойынша Қазақстан намысын қорғаған болатын.
«Жұмыс қолдар олимпиадасы» деп те аталатын бұл жұмыс кәсіптерінің әлемдік чемпионаты екі жылда бір рет өткізіліп отырады. Worldskills қозғалысына 75 қатысушы-елдер енеді. Оған өндірістік сала, қызмет көрсету саласының түрлі мамандықтарының жас өкілдері мен студенттері қатысады. Қазақстан аталмыш қозғалысқа 2014-ші жылдың 10-шы масымында қосылған.
Worldskills чемпионатының келесі әлемдік кезеңі 2019-шы жылы Казан қаласында өтеді.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы