жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Ақпан 2018

Қарағанды облыстық ІІД-де жауынгер-интернационалистерге құрмет көрсетілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облыстық ІІД-де кеңес әскерін Ауғаныстаннан шығаруына 29 жыл толуына байланысты салтанатты шара өтті.
- Қаза тапқан сарбаздардың ерлігі алдында бас иеміз, біз қазір де сол кездері қарулы соқтығыстарға қатысқан жауынгерлерді, көз жұмған азаматтардың отбасыларын ұмытуға құқымыз жоқ, - деді облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков. – Жауынгер-интернационалистердің өздері бастап, құрған ардагерлік ұйымдар оларға әлеуметтік қолдау көрсетеді.
Жауынгер-интернационалистерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өзінің естелік әңгімелерімен Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектері Кеңесінің төрағасы Талғат Хасенов бөлісті. ІІД вокал ансамблі концерт ұйымдастырды.
Полицейлердің шығармашылық ұжымдары сонымен қатар Кеншілер мәдениет сарайында атаулы күнге арналған концертте де өнер көрсетті.
Облыстық Ішкі істер органдары қатарында 57 жауынгер-интернационалистер қызмет етті. Енді олардың барлығы дерлік зейнеткерлікке шықты. Полиция қызметінде жалғыз ғана Ауған соңысына қатысушы қалды – облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.
Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні 15-ші ақпанда атап өтіледі – дыл осы күні 1989-шы жылы Ауғаныстаннан кеңес іскерін шығару аяқталды.
Ауған соғысы 1979-шы басталды. Кеңес әскерін шығару 1988-ші жылы сәуірде құрылған Женева келісіміне сай 1988-ші жылдың 15-ші мамырында басталды.
10 жылға созылған қақтығыс кезінде Ауғаныстан арқылы шамамен жарты миллионға жуық кеңес жауынгерлері өткен. Ресми мәліметтерге сай қаза тапқандар және із-түзсіз жоғалғандар саны 15 мыңға жуық.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы