жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Ақпан 2018

Қарағанды қаласындағы Шахтёрский кенті орталық жылыту жүйесіне қосылатын болады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыдағы Шахтёрский кентін орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу мүмкіндігі пайда болды. Тұрғындардың өзекті проблемасы биылғы жылы шешіле бастайды. Ол туралы қала әкімі Нұрлан Әубәкіров Октябрь ауданының Пришахтинск шағын ауданында өткен халықпен есептік кездесуі барысында мәлімдеді.
- Сіздер білесіздер, Пришахтинскінің 22 және 23-ші ықшам аудандарында жылуға қатысты проблемалар болды. Біз М8 жылу магистралін қайта қалыпқа келтірдік – бүгінгі таңда ол мәселе шешімін тапты. Енді М8-ден Шахтёрский кентіне желі тартудың техникалық мүмкіндігі пайда болды. Біз ол жердің тұрғындарының жылуға қатысты проблемалары туралы білеміз. Жақын арада бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын, - деді Нұрлан Әубәкіров.
2018-ші жылы жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға қажетті қаражат қалалық бюджеттен бөлінді.
- Мәселе кезең-кезеңмен шешілуде. Алдымен ЖСҚ жасалады. Сонан соң желілердің құрылысына қаражат бөлінеді. Біз сіздермен жиналамыз, онда пәтер ішіндегі жылу тарату құбырларын қалай қалыпқа келтіретінімізді талқылайтын боламыз, - деді қала басшысы Шахтёрский кентінің тұрғындарына.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шахтёрский жергілікті қазандықпен жылытылған, ол өз жұмысын 90-шы жылдары тоқтатқан. Содан бері көпқабатты үйлердің тұрғындары баспаналарын пеш немесе электр қазандықтары арқылы жылыта бастады.
Нұрлан Әубәкіров қаладағы жылумен қамту жүйесін жаңғырту бойынша басқа да жобалар туралы айтты.
- 2018-ші жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелендіру механизмі арқылы төрт жылумен қамту желі магистральдерін қайта қалыпқа келтіру қарастырылған. Ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын анағұрлым проблемалы желілер жөнделетін болады, - деді ол. – Ол Чкалов (екі учаскі) және Гоголь көшелерінің, Республика даңғылының бойындағы магистральдік жылу желілері.
Оның айтуынша, бұл 1500-ден астам тұрғын үйлер және 217 әлеуметтік нысандардың жылу жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Бобруйская көшесінің тұрғындарын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мәселесі де шешілуде. Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді де, 2019-шы жылы жұмыстар басталады.
Қаланың жылу станция қуаттары қазіргі таңда жеткілікті, тіпті артылады деп айтуыға болады дейді әкім.
- Бізде 100 гигакалорийден астам бос жылу қуаты бар. Бізге үшінші жылу таратқышты салу қажет – бұл мәселемен облыс басшылығы айналысып жатыр. Бұл әжептәуір қымбат жоба. Оның құрылысымен біз қалалық секторды сәл босатып, орталық жылу жүйесіне қатысты көптеген мәселелерді шешер едік, - дейді Нұрлан Әубәкіров.
Фото Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз-қызметінен алынған



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы