жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Ақпан 2018

Қарағандылық спортшы жеңіл атлетика бойынша Азия чемпионатында алтын медаль ұтып алды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Иран астанасы Тегеран қаласында өткен жеңіл атлетика бойынша Азия чемпионатында қарағандылық Аделина Ахметова алтын медаль ұтып алды.
19 жасар спортшы қыз 4х400 жүгіру эстафетасында бірінші орынды иеленді. Аделина Ахметова Қарағанды қаласының жеңіл атлетика бойынша олимпиада резерві мектебінің тәрбиеленушісі.
Жеңіл атлетика бойынша Азия чемпионатына 23 елден 300-ден астам спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасы ең көлемді топтардың бірі болды – 25 адам (12ер адам және 13 әйел), медальдар саны бойынша ол халықаралық біріншілікте көш бастады.
Қарағанды облысының басқа да спортшылары табандылық танытты:
Данил Полянский – төртінші орын (сырықпен секіру);
Мария Овчинникова – төртінші орын (үш реттік секіру);
Римма Кашафутдинова – бесінші орын (60 м);
Вячеслав Земс – жетінші орын (60 м с/б);
Владислав Григорьев – сегізінші орын (60 м);
Ғимарат ішінде өтетін жеңіл атлетика бойынша Азия чемпионаттары 2004-ші жылдан бері екі жылда бір рет өткізіледі. Тегерандағы сайыс сегізінші болды.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы