жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Ақпан 2018

Дарынды қарағандылықтарды байқауға қатысуға шақырады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандылықтарды «ART OF TALENT» шығармашылық фестиваль-байқауға қатысуға шақырады. Ұйымдастырушы – «Жас талант» Ұлттық театр студиясы.
Фестиваль 6-шы наурызда өтеді, өтінімдер 28-ші ақпанға дейін қабылданады. Оған 3-тен 25 жасқа дейінгі кез-келген ниет білдіруші қатыса алады. Байқау келесі номинациялардан құралады:
- Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық, патриоттық, авторлық өлең, хор);
- Вокалдық-аспаптық ансамблдер (дуэт, трио, ансамблдер, оркестрлер);
- Аспаптық жанр (шекті, халықтық, үрмелі, соқпалы, фортепиано);
- Хореография (шығыс, халықтық, қазіргі заманғы билер, фитнес және т.б.);
- Театралдық жанр (көркем сөз, қойылымдар, пантомимдер, акробаттық нөмірлер, фокустар, әзіл стендап, жарнамалық роликтерді ойнау, анимация);
- Костюм байқауы (үздік ұлттық костюм, қолда бар заттардан киім дизайнын жасау, сахналық костюм);
- Шет тілде өнер көрсету (шет тілінде мәнерлеп оқу, оқу техникасы, көркем оқу, шет тілінде театр қойылымдарын ойнау);
- Сахналық сурет салу (құммен сурет салу, батик техникасы, дала шығармашылығы, лазерлік шоу).
Ұйымдастырушылардың шарты бойынша барлық шығармашылық нөмірлер «Көңіл көктемі» атты байқаудың тақырыбына сай келуі тиіс. Жеңімпаздар байқаудың жазда болатын келесі кезеңіне өтеді. Үшінші тур күзде болады деп жоспарлануда, ал ақтық сайыс пен гала-концерт жыл соңында ұйымдастырылады.
Байқау жайлы толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 747 175 05 40,8 778 849 12 78.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы