жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Қаңтар 2018

Қарағанды облысында 2018-ші жылы жолдарды жөндеуге 39 млрд теңге жұмсалады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында 2018-ші жылы көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Жолдарды жөндеуге 39,1 млрд теңге бөлінген. Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттарын талқылауға арналған облыс активінің жиналысында мәлімдеді.
- Қарағанды облысы үлкен транзитті әлеуетке ие. Бүгінгі болмыс жағдайында біз бұл артықшылықты толыққанды пайдалануымыз керек. Елбасының жергілікті жол тораптарын жөндеуді және қайта қалпына келтіруді қаржыландыруды ұлғайту бойынша тапсырмасы бар. Өткен жылы біз бұл бағытта үлкен жұмыс атқардық. 33,5 млрд теңгеге 863 шақырым жолды жөндедік, - деді Ерлан Қошанов.
Ол жөндеу жұмыстары Қарағанды-Жезқазған, Қарағанды-Қарқаралы трассаларында өткізілгенін еске салды. Қарағандының Солтүстік және Шығыс айналып өту жолдарының құрылысы басталды.
- 2018-ші жылы Қарағандыдан Теміртауға өтетін Орталық-Оңтүстік өткеліндегі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар осы жылға Қарағанды-Жезқазған жолының бөліктеріндегі орташа жөндеу бойынша, Қарқаралыдан баянауылға бағытталған жолдың бір жылға жұмыс кестесі жоспарланған, - деп ірі жобаларды атап өтті облыс әкімі. – Ағымдағы жылы бюджеттен жол жөндеу жұмыстарына 39,1 млрд теңге бөлінген. Ол қаражат 800 шақырым жолды қамтуға жетеді.
Облыстық және аудандық авто жолдардағы төрт көпірді қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға, Қарабас-Жартас және Ақтоғай-Балқаш бағыттарындағы проблемалық бөліктерде күрделі жөндеу өткізуге қаражат қарастырылған.
«Алғаш рет біз бюджеттен аудан орталықтарының ішіндегі жолдарды жөндеуге қаражат қарастырып отырмыз», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы