жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Қаңтар 2018

Қарағанды облысының еңбек ұжымдарында Елбасының халыққа Жолдауы түсіндіріледі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды қаласындағы Одақтар үйінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары аймақтың кәсіподақ белсенділерімен және әлеуметтік серіктестерімен кездесті.
Жиналысқа қатысушылар дөңгелек үстел басында Президентіміздің 2018-ші жылдың 10-ші қаңтарында жасаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктердің дамуы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Мәжілісмендер Нұрлан Әбдіров пен Гүлнәр Бижанова әлеуметтік және еңбек қатынастарына қатысты сауалдарға жауап берді.
- Жолдаудың әрбір қазақстандыққа қатысы бар. Бұр маңызды тарихи құжат. Біз облыстың барлық кәсіподақ ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын өткізуге дайынбыз. Ақпараттық-насихат тобын құрамыз, оның мүшелері еңбек ұжымдарымен кездеседі, - деді Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков.
Гүлнәр Бижанова кәсіподақтарды алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыс берушілермен диалог құрғанда іс жүзінде бар барлық заңды ресурстарды пайдалануға кеңес берді.
- Кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қарым-қатынасы серіктестік деңгейде болуы тиіс. Өкінішке орай болып тұратын еңбек даулары кәсіподақтың жұмыс берушімен іскер байланыс орната алмайтынын көрсетеді. Шешімі бар жолдарды таба білу қажет. Өз кезегінде жұмыс берушілер де кәсіподақ әрдайым қозғаушы күш болып келгенін түсінуі тиіс, - деп санайды депутат.
Гүлнәр Бижанова 2018-ші жылы электронды еңбек биржасы туралы заң қабылдау керектігін атап өтті. Оның пікірінше, бұл құжат қазақстандықтарға жұмыс іздеуді жеңілдетіп, еңбек кеңістігін кеңейтеді. Осындай биржаның көмегімен адамдар өз аймағында лайықты жұмыс таппаса, басқа облыстардағы бос орындарды зерттеп, өзіне қызықты ұсыныстарды таңдай алады.
Кездесу барысында ҚР кәсіподақтар Федерациясының аймақтық Кәсіподақ орталығы мен Кәсіпкерлер палатасы және Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы арасында меморандумға қол қойылды.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы