жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Қаңтар 2018

Қарағандыда «Қарлы вахта» қайырымдылық акциясы басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда «Қарлы вахта» акциясы басталды. Оның қатысушылары жалғыз басты зейнеткерлер мен ардагерлер тұратын үйлердің аулаларын қардан тазартады.
«Қарлы вахта» акциясы 10-шы қаңтарда басталды жәнеде қыстың соңына дейін жалғасады. Осылайша еріктілер ҰОС ардагері Виктор Рутскийдің үйінің алдындағы қарды тазалаған.
- Біз акцияға студенттерді жұмылдырамыз. Алайда бізге еріктілердің өздері де телефон арқылы хабарласады, шараға қатысуға ниеттерін білдіріп жатады. Біздің волонтерлер тек жеке үйлердің аулаларын ғана тазартады, көпқабатты үйлердің алдындағы қарды ПИК тазартады. Біздің көмегімізге мұқтаж қариялардың тізімін біз ардагерлер кеңесінен аламыз, - деді Қарағанды қаласының жастар ресурс орталығының жастар жобалары және бағдарламалары секторының жетекшісі Жансая Ижанова.
Егер сіз қарияларға көмектескіңіз келсе және «Қарлы вахта» акциясына қатысамын деп ниеттенсеңіз, 8 (7212) 504239 нөміріне хабарласуыңызға болады немесе mrckrg@mail.ru хат жазуыңызға болады. Сонымен қатар көрсетілген нөмір бойынша ардагерлер мен зейнеткерлер де хабарласып, өз ауласын қардан тазалауға өтініштерін қалдыруларына болады.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы