жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 18°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Қараша 2017

Қарағандыда Шамғон Қажғалиевті еске алу кеші өтеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

24-ші қараша 18:30-да «Шалқыма» концерт залында атақты дирижер, педагог, домбырашы, КСРО халық әртісі Шамғон Қажғалиевтың 90 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші өтеді.
Концертке Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр және концерттік бірлестіктің солистері қатысады. Дирижер – Өзбекстанның халық әртісі Фарух Садықов. Билеттер бағасы 800 теңге.

Шамғон Қажғалиев – алғашқы қазақ дирижері, педагог, домбырашы. 1950-ші жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ консерваториясының халық аспаптар факультетін домбыра сыныбы бойынша тәмамдаған. 1964-ші жылы Ленинград консерваториясының опералық-симфониялық дирижерлеу бөлімінің дипломын алған. 1952-ші жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Бұл орында оған дейін ұжымның негізін қалаушы А. Жұбанов болған.
1968-ші жылдан 1971-ші жылға дейін Шамғон Қажғалиев Қазақ ССР Мемлекеттік симфониялық оркестрін басқарған.
1971-ші жылдан бастап қайтадан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестріне басшылық етті.
1970-ші жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ консерваториясында ұстаздық ете бастаған, 1980-ші жылы профессор атанды.
1992-ші жылдан бастап – Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі. Өзінің жарты ғасырлық музыкалық тәжірибесін ол өзіне сеніп тапсырылған ұжымның кәсіби мәдениеті мен орындау шеберлігін шыңдау үшін жұмсаған. Маэстро өзінің жұмыс концепциясымен келген – қазақ, орыс және шет елдік классика мен ТМД елдері және әлемнің үздік концерттік туындыларын және аймақтық фольклорлық материалдарды негізге ала отырып, ерекше репертуар құру. Осылайша алғаш рет қазақстандық музыкалық тәжірибеде халық оркестрінің концерттік орындауындағы сүйемелдеуімен «Абай» және «Қыз Жібек» опералары пайда болды.

Шамғон Қажғалиев – Қазақ ССР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достастығы, «Құрмет белгісі», Парасат, Отан ордендерімен марапатталған.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы