жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
09 Тамыз 2017

ҚарМУ-де кез-келген ниет білдірушілер үшін қазақ тілінен онлайн-курстар іске қосылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қазақ тілін енді қашықтықтан оқуға болады. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы «ҚАЗТЕСТке дайындық», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» және «Қазақ тілін қарқынды үйрету» онлайн курстарына шақырады.

Кафедра ұстаздары еркін түрде қазақ тілінде сөйлеуді және әңгімелесіп тұрған адамыңызды әртүрлі коммуникативті жағдайларда түсінуге үйрететін болады. Сонымен қатар оқуға, сөздерді дұрыс айтуға және сауатты түрде сөйлем құрауға көмектеседі. Дайын сөйлеу мысалдарының көмегімен курс тыңдаушылары еркін түрде өз ойларын ауызша да, жазбаша да жеткізе алатын болады.
Курстың негізгі бағдарламасы бір жылға, қарқындысы – үш айға шақталған. Қарқынды курс құны – айына 12 500 теңге. Ал бір жылдық курстың бағасы айына 7 500 теңгені құрайтын болады.
Әр сабақ 50 минутқа созылып, онлайн-режимде өтеді. Дәрістердің барлық материалдарын өзіңізге ыңғайлы уақытта қайта қарап шығуға болады.
Курсқа жазылу қыркүйек айында ҚарМУ сайтында жарияланады. Курстардың өзі қазан айында басталады. Сабақтар аяқталған соң тыңдаушылар ҚарМУ сертификатын алады.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы