жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
06 Наурыз 2009

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен!

Ардақты аналар!
Қымбатты қарындастар!
Құрметті ханымдар!

Біздің күнтізбемізде ұлттық, мемлекеттік және басқа да кәсіби мерекелердің арасында бір ерекше айтулы мереке бар. Ол – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні.

Бұл тек әйелдерге жай ғана ілтипат, құрмет көрсету емес. Белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты өмірге келген осынау мереке біздің заманымызда жаңа мазмұнға ие болып, әйелдердің тіршілікте алар орнын айқындайтын, оған тағзым ететін тамаша күнге айналды.

Бүгінде Қазақстан Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында әйелдердің құқықтары мен мүддесін, ана мен баланы қорғау саласында едәуір жетістіктерге жетті. Президент жанындағы әйелдер ісі мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс істейді, әйелдердің саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық сақтау саласында нақты теңдікке жетуге септігін тигізетін гендерлік теңдік стратегиясы іске асырылуда. Жас отбасылар мен көп балалы жанұяларды мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жылдан жылға артып келеді.

Әйелдер мен балалардың мүддесін қорғау жергілікті билік органдары жұмысының басым бағыты болып саналады. Облыста көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, ана мен баланы қорғауға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда. Жыл сайын мектептер, ауруханалар, балалар бақшасы салынып жатыр. Себебі осының бәрінің өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, әйелдердің тұрмысын жақсартып, денсаулығын сақтауда алатын орны ерекше. Көптеген қарағандылық арулар – тек отбасы, ошақ қасының сақтаушысы ғана емес, сонымен бірге қоғам өміріне де белсенді ықпал етушілердің қатарында. Олардың арасында нағыз көшбасшылық қасиетке ие, терең білімді басшылар, кәсіпкерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері көптеп саналады.

Әйелдер ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеуіне, жаңаша жаңғыруына да қосып жүрген үлесі өте зор. Осымен қатар Қарағанды облысында демографиялық жағдай да түзеліп келеді. Жыл сайын жас отбасылардың саны артып, нәрестелер де көбейіп келеді.

Қашанда әйел-ананың мейірімділігі, жан шуағы, кіршіксіз махаббаты кез келген қиындықты жеңуге, бірлік пен ынтымақты сақтауға зор ықпал еткені белгілі. Сондықтан елімізді жақсылыққа бастайтын, өрелі істерге қосқан үлкен үлестеріңіз үшін сіздерге, барша қыз-келіншектерімізге, апа-қарындастарымызға, аяулы аналарымызға алғысымызды білдіреміз.

Қымбатты аналар, аяулы арулар! Көгілдір көктемнің осынау шуақты күні Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қарағанды облысының әкімі Н. Нығматулин

Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жұмабеков



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы