жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
06 Наурыз 2009

Польша елшісімен кездесу

5 наурызда облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің Қазақстан Республикасындағы Польшаның Төтенше және Өкілетті елшісі Павел Чеплакпен кездесті.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының жүргізіп отырған реформаларын жүзеге асыруда өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуда қол жеткізген кейбір көрсеткіштер жайлы әңгімелеп берді.

Қарағанды облысының Польшамен арадағы экономикалық байланыстары туралы әңгіме өрбіте отырып, Нұрлан Нығматулин 2008 жылдың қорытындысы бойынша осы мемлекетпен аймақтың сыртқы сауда айналымының 165,5% артып, 46,2 млн. долларды құрағанына тоқталды.

Экономикалық байланыстармен қатар әлеуметтік салада, оның ішінде денсаулық сақтау саласында байланыстар орнатылуда. Облыс әкімі мысал ретінде поляк кардиохирургтарының қарағандылық әріптестерімен бірге жүрек тамырларын диагностикалық зерттеулер, жүрек ауруларына қарсы жасалатын операциялар бойынша бірлескен жұмыстарын ерекше атап өтті. Поляк дәрігерлерімен бірлесе отырып 467 науқасқа операция жасалды. Облыстық кардиохирургиялық орталық базасында оқыту семинарлары өткізіліп, онда 160 кардиолог, кардиохирургтар өз біліктіліктерін арттырды. Сонымен бірге Катовица қаласындағы клиникада қарағандылық 5 маман оқып қайтты.

Нұрлан Нығматулин облыс басшылығы тарапынан аймақтың денсаулық сақтау саласын дамыту үшін барлық жағдайлардың жасалып жатқандығын атап айтты. Жаңа емдеу мекемелері салынуда, олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа технологиялар енгізіліп жатыр.

- Алайда таяу арада шешілуі тиіс проблемалар да баршылық. Ең алдымен - біздің ауруханалар үшін алынып жатқан қазіргі заманғы медициналық аппараттарда жұмыс істей білетін мамандарды даярлау,- деді облыс әкімі.

Осыған орай соңғы жылдары 130-дан аса қарағандылық жас дәрігерлер әлем елдерінің алдыңғы қатарлы клиникаларында білім алды. Олар Полшада да оқыды. Ал биылғы жылы осы елге тағы 9 маманды жіберу жоспарланып отырғанын айтты облыс басшысы.

Кездесу барысында поляк мамандарымен қарағандылық дәрігерлердің одан әрі ынтымақтастығы жайлы келісімге қол жеткізілді. Өз кезегінде елші мырза Қарағандыда поляк фильмдерінің фестивалін өткізу туралы ұсыныс жасады. Бұл идеяны Нұрлан Нығматулин де қолдады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы