жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қаңтар 2008

«Нұротандық» депутаттардың Форумы

27 қаңтарда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы облыстық филиалының бастамасы бойынша аймақтың мәслихат депутаттарының форумы өтіп, онда партияның Халықтық платформасын орындау барысы және оны әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында одан әрі жүзеге асыруды жоспарлау туралы» мәселе қаралды.

Форум жұмысына «НұрОтан» ХДП мүшелері, департаменттер мен басқармалар басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «НұрОтан» халық сенетін және күрделі экономикалық кезеңде біріктіретін партия» деген сөздері осы форумды өткізуге негіз болды,- деді өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс басшысы Нұрлан Нығматулин.

Облыс әкімі Қарағанды облысында партиясының Халықтық платформасының негізгі бағыттары қалай жүзге асырылып жатқандығына кеңінен тоқталды.

- Біздің облысымыз қойылған міндеттерді орындап келеді. Алайда Халықтық тұғырнаманы одан әрі жүзеге асыру қаржылық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша біріккен іс-қимылдарды талап етеді,-деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Облыс әкімі форумға қатысушыларды мемлекет басшысының тапсырасымен қаржылық-экономикалық жағдайды ушықтырмау бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді.

Бүгінгі күні «НұрОтан» партиясы облыстық филиалының алдында тұрған ең басты мәселе де – осы бағдарламаны орындау болып табылады.

Оның ішінде, әрине, біріншіден, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау. Екіншіден – бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Ал ең негізгісі – жасалған Меморандумдарға сәйкес жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғау және жұмыссыздыққа жол бермеу.

Облыс басшысы хабарлағандай дағдарысқа қарсы шаралар бойынша жұмыс тобы құрылды, 2009-2010 жылдарға арналған облыстың экономикасы мен қаржылық жүйесін тұрақтандыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Облыс штаб күнделікті мониторинг жүргізіп қана қоймай, Үкіметпен, индустрия министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Жұмысты жүйелі ұйымдастыру мақсатында мүмкін болатын қысқартулардың аймақтық болжам картасы дайындалды. Ол, ең алдымен, қала құрушы кәсіпорындардағы жағдайды зерттеп, уақытында шара қолданып отырады.

- Нақты бағдарламаларды болуы, мемлекеттік органдардың өзара үйлесімді іс-қимылдары – бұл аймағымыздың экономикалық қиындықтарға қарамастан алға дами беретіндігінің кепілі,- деді сөз соңында Нұрлан Нығматулин.

Форумға қатысушылар «НұрОтан» партиясының Халықтық платформасын орындау барысы және оны әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында одан әрі жүзеге асыру жөнінде үндеу қабылдады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы