жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
24 Қаңтар 2008

«Шахтер» - үміт жастарда

23 қаңтарда облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қарағанды облыстық футбол Ассоциациясының атқарушы комитетінің отырысы өтті. Онда премьер-лига командаларының арасында футболдан ХVІІІ Қазақстан чемпионатына «Шахтер» клубының дайындығы туралы мәселе қарастырылды.

- Кеншілер командасы құрамында өткен маусымда ойнаған ойыншылардың өз карьерасын жалғастыратыны өте маңызды. Бұл – команданың негізгі құрамы және ол сақталатын болады. Әрине, жаңа ойыншылар да пайда болады. Дегенмен біз қарағандылық футбол мектебінің түлектеріне үміт артамыз,-деп атап көрсетті облыс әкімі.

Енді бірнеше күннен кейін «Шахтер» кезекті оқу-жаттығу жиынына Түркияға аттанады. Онда бір ай бойы жақын және алыс шетелдегі қарсыластарымен бақылау матчтерін өткізеді. Содан кейін барып команданың негізгі құрамы анықталады.

-Осы жауапты ойындардың алдында мен «Шахтердің» жаңа бас жаттықтырушысын таныстырғым келеді. Бұл - өте тәжірибелі адам, ол Қарағанды футболының барлық мәселелерін, оны шешу жолдарын жақсы біледі. Біз жаңа жаттықтырушыға үлкен сенім артамыз,-деді Нұрлан Нығматулин.

Кеншілер командасының бас жаттықтырушысы болып 1965 жылы туған Владимир Чебурин тағайындалды. Ол Қарағанды педагогикалық институтын аяқтаған, мамандығы- дене тәрбиесінің мұғалімі. 1982-1992 жж. «Шахтер», «Мелиоратор», «Джезказганец», «Болат» командаларының құрамында ойнады. Сосын жаттықтырушылық қызметке ауысты, «Шахтердің» фарм-клубының, Қазақстанның жастар құрамасының жаттықтырушысы, қарағандылық «Шахтердің» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Облыс әкімі Владимир Чепуринді жаңа қызметімен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.

-Ал облыстың футбол ассоциациясы өз кезегінде барлық қолдауды көрсететін болады,-деді соңында Нұрлан Нығматулин.

Журналистермен болған интервьюде Владимир Чепурин облыс әкімінің футболды дамыту үшін қажетті барлық жағдайды жасап отырғанын тілге тиек етті. Сондықтан «Шахтердің» бұрынғы атақ-даңқын қалпына келтіру бойынша қойылған міндеттердің барлығы орындалады деп сендірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы