жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
22 Қаңтар 2008

Жұмысшы мүддесі қорғалды

23 қаңтарда Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин, «Central Asia Cement» компаниясының бас акционері Хавьер Дель Сер Перез және кәсіподақ комитетінің төрағасы Айқын Ахметов Ақтау елді мекеніндегі цемент зауытының жұмысшыларын әлеуметтік қорғау мен өндірістік үрдістерді тұрақтандыру жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды. Бұл маңызды шара облыс басшылығының мемлекет пен аймақ тұрғындарының мүдделерін шетелдік инвесторлармен қарым-қатынаста қорғаудағы тағы бір жеңісі болды. Естеріңізде болса, дәл осындай жағдай «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мен «Қазақмыс». Корпорациясы басшылығымен жүргізілген келіссөздер барысында да орын алған болатын.

Ақтаудың әрбір төртінші тұрғыны цемент зауытының жұмысшысы болып табылатындығы әмбеге аян. Тіпті Теміртау қаласының жанында орналасқан 10 мың тұрғыны бар елді мекен осы зауыттың арқасында күн көріп отыр деуге болады. Сол себептен компания басшыларының жүздеген адамды жұмыстан шығарған жағдайда бұл бүкіл тұрғындардың әлеуметтік жағдайына едәуір нұқсан келтіретіні сөзсіз еді.

Егер облыс әкімі Нұрлан Нығматулин бастаған арнайы жұмыс тобы шұғыл араласпаған жағдайда осылай болары да әбден мүмкін еді. Бірақ жұмыс тобы зауыт акционерлерімен бірге дер кезінде өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, ең бастысы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шараларын қарастырды.

- Әрине, зауыттағы жағдай түсінікті, цементтің бағасы түсіп кетті, ал оның жөнелтілімі кейінгі айларда 72 пайызға төмендеді. Алайда зауыт қала құрушы кәсіпорын болып табылады және елді мекен тұрғындарының жағдайы оның тұрақты жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан біз кәсіпорында ешқандай жұмыстан босату, қысқартудың болмауын талап етеміз, - деді Нұрлан Зайроллаұлы. – оның үстіне қалыптасқан жағдайдан шығудың жақсы мүмкіндігі де бар. Бұл, ең біріншіден, босатылып жатқан жұмысшыларды қайта оқыту, қайта біліктендіру арқылы басқа жұмыстарға тарту, оның ішінде осы елді мекен бойынша бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға пайдалану.

Келіссөздер күрделі болып, ұзаққа созылды. Дегенмен осы жолы да облыс әкімінің қатаң ұстанымы қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Нұрлан Нығматулин компанияның өндірістегі дағдарыс жағдайында пайдалануға міндетті резервтерін атын атап, түсін түстеп айтып берді.

Жағдайдың одан әрі дамуының үш нұсқасы қарастырылды: пессимистік, базалық және оптимистік. Ахуалды ескере отырып пессимистік жоспар үшжақты меморандумның өзегі етіп алынды.

Осы жоспарды орындағанда өнімнің жөнелтілімі әр тоннасына 7,5 мың теңгеге айына 25 мың тоннаны құрайтын болады. Меморандумда жұмыс орындарын қысқарту, жұмыстан шығару да болмайтындығы нақты көрсетілді. Ал басқа жұмыстармен қамтылуы қажет жұмысшылардың саны 960 адамды құрады. Оның 629 қазірдің өзінде толық емес жұмыс күніне ауыстырылды. 156 адам кәсіпорынның өзінде негізгі өндіріспен байланысты мамандықтар бойынша өз біліктілігін арттыратын болады. Ал тағы 331 жұмысшы орташа айлық еңбекақысы сақтала отырып, екінші мамандықты игеретін болады. Оларға Ақтау елді мекенінде Теміртау қаласының кәсіптік лицейлерінің оқытушылары білім беретін болады. 175 жұмысшы газэлектрдәнекерлеуші, тас қалаушы, электрші, сылақшы және басқа да мамандықтарды игереді. Олар Ақтау, Теміртау қалаларының бюджеттік инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға тартылатын болады. Бұл жұмыстардың желілік кестесі де дайын. Онда балалар бақшасының, бірнеше мектептің, аурухананың, тұрғын үйдің күрделі жөндеуі, көше жарықтандырылуын қалпына келтіру, скверді абаттандыру, поселкеде спорт алаңын салу және Теміртау қаласындағы бірқатар нысандарға жөндеу жүргізу жұмыстары белгіленген. Осының бәрі өте қажетті нысандар. Олардың барлығына көптен бері жөндеу жүргізілмеген еді.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімі мынаны атап өтті:

- Кәсіпорында осындай жағдайдың болуы мүмкін екендігін біз аймақтық болжау картасы бойынша алдын ала білдік деуге болады. Сондықтан 2009 жылдың бюджетінде жұмыссыз қалған адамдарды қамту үшін осы аумақтарда инвестициялық жобалар жоспарланды. Мысалы, бүгін кәсіпорында жөндеу-құрылыс бөлімшесі құрылып жатыр. Олар үшін қазірдің өзінде осы елді мекенде 350 млн. теңге сомаға бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жұмыстар бар. Және ондай резервтер бізде баршылық. Ең бастысы – цемент зауытының жұмысшылары жұмыстан шығарылмайды, қысқартылмайды. Осы күрделі кезеңде басқа нысандарда жұмыс істейтін болады.

Ал зауыттағы өндірістік үрдістерді тұрақтандыру бойынша 2009 жылы бюджеттік сала нысандары мен ірі кәсіпорындары үшін қажет болатын цемент көлемінің болжамы жасалды. Цемент Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын тұрғын үйге, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен қалпына келтіруге қажет болады. Осы көлемнің өзі аз емес. Сонымен бірге «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мен «Қазақмыс». Корпорациясы да өзінің нысандарын қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізбек ойлары бар. Тиісінше аймаққа цемент қажетті болады деген сөз. Әрі зауыт жұмысшылары да жұмыссыз қалмайды. Бұл – ең басты мәселе.

- Бұл жағдайда біз үшін ең маңыздысы - әлеуметтік мәселелер, Мемлекет басшысы бізден осыны талап етіп отыр және бұл біздің өзгермейтін ұстанымымыз, - деді Нұрлан Нығматулин меморандумға қол қойғаннан кейін. – Жергілікті атқарушы билік ретінде біз үшін ең негізгі мәселе – біздің аймағымыздың әрбір тұрғыны қалыптасқан жағдайға қарамастан жұмыссыз қалмау керек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы