жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 13°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
06 Қараша 2007

Дүлділ екенін дәлелдеді

Қазақстан құрама командасының сапында өнер көрсеткен жерлесіміз, өткен жылғы әлем чемпионы Серік Сәпиев (64 келі) бұл жолы да өзінің дүние жүзіндегі ең мықты боксшы екенін дәлелді. Серік бауырымыз Чикаго рингінде алты жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңді. Ақтық айқаста ол жолындағысының бәрін жапырып келген Геннадий Ковалев деген орыс боксшысымен қолғап түйістіріп, он ұпай айырмашылығымен ойсырата ұтты. Өкінішке қарай, 75 келі салмақта өнер көрсеткен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев пен Еркебұлан Шынәлиев (81 келі) ширек финалда қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат қылды. Одан бұрын §9 келі салмақта өнер көрсеткен Азия чемпионы Бақыт Сәрсекбаев 1/8 финалда сүрінген болатын. Сонымен, Қазақстан құрама командасының жоғарыда есімдері аталған төрт боксшысы Олимпиада жолдамасының иегерлері атанды. Ал құрамадағы қалған алты боксшымыз құралақан қалды.
Еске сала кететін жайт, әлем чемпионатына Куба құрамасының боксшылары қатысқан жоқ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы