жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 13°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
07 Қараша 2007

Пәтер кілтіне ие болды

Мәжілісті қаржы полициясының бастығы Болат Жүсіп ашты. Сөз алған облыс өкімі қазіргі кезде Президентіміз Н.Назарбаевтың мемлекетіміздің қауіпсіздік ісіне ерекше көңіл бөліп отырғандығын атап өтті.
- Сонымен қоса Елбасымыз экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес
саласына зор міндет жүктеуде. Оған қаржы полициясының қызметкерлері үлкен үлес қосып отыр. Сондықтан да бүгін сіздердің алдарыңызға үлкен қуанышты жағдаймен келіп тұрмын,- дей келе облыс әкімі Н.Нығматулин департаментте қызмет атқарып жүрген бес адамға пәтер кілтін табыс етті.
Жаңа пәтер кілтіне ие болғандар арасынан Жезқазған аймақтық қаржы
полициясының тергеу бөлімінің бастығы, қаржы полициясының майоры Аркадий Тілеубердинов шығып сөйлеп, осындай қамқорлығы үшін әкімге, ұжымды ұйытып ұстап отырған департамент бастығы Болат Жүсіпке алғысын білдірді.
Департамент бастығы биылғы жылы 20 дана ұйымдық техникаға және басқа да материалдық игіліктерге ие болғандығын, оның өзі облыс әкімінің қамқорлығы екендігіне тоқталып, облыс әкіміне ұжым атынан рахметін айтты.
Соңында Н.Нығматулин бұл алғашқы бастамасы екендігін, алдағы уақытта жас қызметкерлерге пәтер жыл сайын тапсырылып тұратындығын атап өтті.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы