жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
09 Қараша 2007

Ертеңін ойлаған ел озады

Қазірдің өзінде қоғами өмірдің қым-қуыт тірлігіне білек сыбана араласып, «комсомолдың орны үңірейіп бос тұр» деген қасаң пікірді жоққа шығарып жүрген жастардың басын қосқан бұл жиынды Қарағанды облысының әкімдігі, облыстың Ішкі саясат департаменті және «Қарағанды облысы жастар бастамашылдығы орталығы» мемлекеттік мекемесі тізе қосып ұйымдастырды.
Бұл жиынға жастар саясатының сорпа бетіне шыққан жақсылары — қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, жоғары оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің өкілдері, қалалар мен аудандардағы ішкі саясат белімдерінің мамандары, әскери бөлімдердегі жастар бастамашылдығы орталықтарының үйлестірушілері, спортшылар,сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру ісіне қандай да бір қатысы бар педагогтар қатысты. Жалпы, жастардың биылғы басқосуына облысымыздың әр түпкірінен 150-ге тарта өмірлік позициялары өте белсенді өрендер делегат болды.
Слет жұмысының салтанатты ашылуына облыстық Мәслихаттың хатшысы Бейсембай Жұмабеков арнайы келіп қатысып, өз кезегінде жастар алдында «Қазақстан-2030» Стратегиясьшың маңызы мен міндеттері туралы қысқа да нұсқа сөз сөйледі.
— «Қазақстан-2030» Стратегиясының әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына енуді мақсат қылып, экономикалық және мәдени-саяси тұрғыда шапшаң өрлеуді бастан кешіп жатқан мемлекетіміздің саясатына деген ықпалы ете зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, алысты кәрмей болжаған сұңғыла саясатының арқасында біздің жас мемлекетімізді әлем танып, мойындады. Ендігі мақсат — қол жеткен табыстарға тоқмейілсімей, оны әрі қарай баянды қыла беру. Біздің мемлекетім із өзінің келешегі — жастардың қамын жеген саясатқа өте зор маңыз беріп келеді. Өйткені, аталар салып кеткен жол болашағының жарқын боларлығы, ағалар тұрғызған мемлекет қабырғасының ертеңгі күні мызғымастай берік болмағы бүгінгі тулаған жас толқын — Сіздердің қолдарыңызда, — деп атап өтті Бейсембай Қуанышұлы.
Сондай-ақ, слетте облыстың Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары Ирина Любарская, қалалық мәслихаттың депутаты Асхат Аймағамбетов, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты, жергілікті «Жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Серік Имамбай және басқалар сөз сөйлеп, жастарға қатысты өзекті проблемалар тәңірегіндегі ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
— Қазіргі уақытта жастардың алдында тұрған өткір мәселенің бірі — тұрғын үй проблемасы, — деді өз сезінде «Қарағанды облысы жастар бастамашылдығы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Серік Торыбаев. — Бұл мәселе әлі де белгілі бір шешімін таппай келеді. Осы және жастарды толғандырып жүрген басқа да өзекті проблемаларға жоғары жақтың назарын аудартатын кез жетті.
Жастар слетінің аясында «Демократияландыру және адам құқы», «Жастар және бизнес» тақырыптары бойынша мастер-класс дәрістері өтіп, «Қарағанды облысының аумақтық даму бағдарламалары» жобасының тұсауы кесілді.
Бұдан соң, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру сынды игі шаруалардың жуан ортасында жүріп, жақсы қырларынан танылған әрендерді марапаттау рәсімі әтті.
Ең алдымен сахнаға мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жергілікті жерде аса бір ыждаһаттылықпен ұйымдастырған Ақтоғай, Осакаров және Нұра аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері шақырылып, таза еңбекпен тапқан тарту-таралғыларын слетті ұйымдастырушылардың қолынан мақтаныш сезімімен қабыл алды.
Одан кейін Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің және Теміртау индустриалдық институтының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің, 6505 және 5451 әскери бөлімдеріндегі жастар бастамашылдығы орталықтарының кейінгі толқынның қоғамдық өмірде өз орнын адаспай табуына сүбелі үлес қосып жүргендіктерін ескере келіп, оларды сый-сияпатқа лайықтылар қатарына қосты.
Ал жекелеп келгенде, Алғыс хат пен бағалы сыйлық алған алғадай жастардың қатарында Жанна Тұрабаева («Жастар таңдауы. Қарағанды облысы»), Дмитрий Полтаренко («Қазақстанның азаматтары»), Василий Шкарупин («Жұлдыз» қоғамдық бірлестігінің филиалы), Жомарт Әбішев (КТК. Ұлттық лига), Серік Имамбай («Жастар одағы», Сәтбаев қ.)г Рауан Манап пен Асылбек Дәулетжан («Қарағанды аумақтық мемлекеттік қызмет мектебі»), Данияр Калимолдаев («Жастар мәслихаты») және палуан, Азия чемпионы Нұржан Қатаев сынды маңдайы жарқыраған марқасқалар болды.
Әр қиырдан жиылған жастардың басын қосып қана қоймай, олардың ынта-жігері мен ерік күшін бір мақсатқа — елдің ертеңгі тағдыры менің қолымда деген жауапкершілігі жүдә мол сенімге жұмылдырған жиынның аяғына таман жергілікті өнерпаздар өз күшімен концерт қойды.
Осымен жетінші мәрте өтіп отырған слеттің соңында делегаттар Қарағанды облысының жастарына арналған Үндеу қабылдады. Онда «Біз жастар мәселелерін шешу үшін барлық күш-жігерімізді біріктіруге шақырамыз. Барлығы да өз қолымызда . Болашақ біздікі!» деген ұраншыл болса да, жетіліп келе жатқан жастар саясатының бет-бейнесін айқындайтын қарапайым һәм ұғынықты сөздер бар.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы