жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Қараша 2007

«Қазақмыс» - суперлигада!

Бұдан бұрынғы бір хабарымызда биылғы маусымда жақсы ойын өрнектерін көрсеткен «Қазақмыс» футбол командасының еліміздегі бірінші лига командаларының арасындағы біріншіліктің финалдық турниріне қатысуға жолдама алғанын айтқан болатынбыз. Финалға шыққан төрт команда еліміздің футболының Суперлигасына берілетін екі жолдама үшін күресті. Айналмалы жүйемен болған осы кездесулерде Сәтбаевтың «Қазақмысы» Солтүстік-Шығыс конфедерациясындағы павлодарлық «Энергетик-2» командасымен 1:1 болып тең ойнаса, Оңтүстік-Батыс конфедерациясы бойынша финалға шыққан Оралдың «Ақжайығын» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. «Қазақмыс» пен «Мегаспорт» арасындағы соңғы матчтағы ойын 0:0 болып, тең аяқталды.
Финалдық ойындағы осы кездесулер қорытындысында Қазақстан футболының суперлигасына тиесілі қос жолдаманы «Қазақмыс» (Сәтбаев) пен «Мегаспорт» (Алматы) командалары жеңіп алды.
Құрылғанына екі-ақ жыл болған сәтбаевтық жас команда үшін ел футболының жоғарғы тобына шығу ұлкен жеңіс «Қазақмыстың» жаттықтырушылар құрамы мен футболшылары айтарлықтай тер төккені даусыз. Сол төккен тер босқа кеткен жоқ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы