жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Қараша 2007

ҚОЛА — МОЙЫНДА, АЛТЫН — ОЙЫНДА

Өзінің сүйікті командасын осынау қуанышты сәтпен құттықтап, қошемет көрсетуге спорт мамандары мен жанкүйерлер, жасөспірім футболшылар келді.
Алдымен сөз алған облыс әкімі, Қазақстан Футбол федерациясы атқару комитетінің мүшесі, облыстық Футбол қауымдастығының төрағасы Нұрлан Нығматулин «Шахтер» командасының басшылығы мен ойьгашыларын 12 жылғы үзілістен кейінгі табыспен құттықтады.
— Бұл - өте зор табыс, - деді облыс әкімі. — Және де бұл жеңіс Қарағанды футболының ғана емес, барша қарағандылықтардың жеңісі.
Сондай-ақ, облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша, еліміздегі жергілікті органдардың футболдың дамуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап жатқанын атап өтті. Бұл шаруа біздің кенді өлкеде де өзінің қиюын тапқан. Ең алдымен, биылғы футбол маусымында «Шахтер» футбол клубының барлық мәселесі, әсіресе қаржылық жағдайы жақсарып, оң шешімін тапқан. Соның нөтижесі, міне — чемпионаттың қола жүлдесі!
Бұдан кейін «Шахтер» командасының басшылығы мен футболшылары сахна төріне шығып, оларға облыс әкімі Нұрлан Нығматулин мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің атқарушы директоры Мұрат Перзадаев маңдай термен тапқан қола медальдарын салтанатты түрде табыс етті.
Өз кезегінде Нұрлан Зайроллаұлы «Шахтердің» капитаны Олег Корниенко сыйға тартқан футбол жейдесін алып тұрып, әзіл-шынын араластырып былай деді:
— Дегенмен, алда жаңа футбол маусымы тұр. Бүгінгі жеткен биігімізге
тоқмейілсуге әсте болмайды. Жалпы, біздің бай да қуатты облысымыздан Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де шығады. Мына футболшылардың мойындарындағы үшінші жүлде үшін соғылған медальдің қоласы осы біздің Қарағанды облысында өндірілген. Бізден күміс те шығады. Сонсоң, естеріңізге сала кетейін, мына Балқашта төрт «тоғыздық» белгісімен алтын да өндіріледі. Менің айтпағым — осы алтынды сыртқа жібермей, алдымыздағы маусымда өзімізде қалдыру керек!
Футболшыларды марапаттау рәсімінде Мұрат Перзадаев пен ардагер жанкүйер Гарри Шумахер «Шахтер» командасын құттықтай келіп, футболшыларға көрсетіп отырған қамқорлығы үшін барша жанкүйерлер атынан облыс әкіміне шын жүректен алғыс айтты. «Шахтер» клубының басшылығы мен футболшылары облыс әкімі мен жанкүйерлер алдында: «Қоланы алдық, енді ойымызда — алтын!», — деп сендіріп, уәде берді.
Салтанатты сәттің соңы ұлы бәйгеде ұятқа қалмай, үшінші орынға іліккен футболшыларымыздың құрметіне қойылған шағын концертке ұласты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы