жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
15 Қараша 2007

«Ақжолтай» жанып кетті

Сейсенбі күні «Ақжолтай» күні бойы жанды деуге болады. Көк түтін мен бу араласқан қою тұман кешке қарай да сейілген жоқ.
Сол күні осы оқиғаға арналып сағат 18.00-де «Грация» қонақ үйінің көпшілік залын да журналистерге түсінік берілді. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Камалиев, қала әкімі И.Тоғайбаев, облыстық ТЖ басқармасының бастығы М.Ысқақов, облыстық өртке қарсы мемлекеттік қызметтің бастығы А.Қылдыбаев, облыстық ПД бастығының орынбасары И.Лепеха қатысты.
Әуелгі сөзді облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Камалиев бастады:
- «Ақжолтайда» болған өрт туралы сағат 11 -ге үш минут қалғанда хабар түсті.
Шақырумен келген № 1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері спорт сарайының ішін түтін алып кеткендігін көріп, ішіндегі 500-дей адамды түгел сыртқа шығарды. Одан соң полиция қызметкерлері келіп, бөгде адамдарды жібермей, қоршап тұрды. Жалпы алғанда оған 150-дей арнайы қызмет адамы, 93 дана техника қатысты. Әуелде өрт тек
106 шаршы метрді қамтыған болатын. Кейін 1000 шаршы метрге дейін жайылып кетті.
Оған сарайдың жылдам жанатын «Алюкобонд» материалымен қапталуы өсерін тигізді. Қазір жедел тергеу тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр,- деп атап өтті ол. Бұдан соң сөзді А.Қылдыбаев жалғастырды:
- Бұл өрт өте күрделі үшінші дәрежеге жатады. Оны сөндіруге Қарағанды мен оның қанаттас қалаларынан жеті бөлім қатысты. Жрт сағат беске қарай толық сөндіріліп бітті. Бірақ түтіндеп жатқан жерлер бар. Шатырды ашып, қалған жерлерді сөндіру үшін кезекшілік қойылды. Ол түнімен осында болады,- деді ол.
Полиция полковнигі И.Лепеханың айтуына қарағанда 80-нен астам полиция қызметкері қатысқан. Олардың елуге жуығы қоршауда болған. Ждткені бұл жер базар ғой. Мұндай жағдайда ұрлық пен тонауды болдырмай, алдын алу қажет. Қазір өрт сөндірушілер жұмысты әлі жалғастырып жатыр. Ертең таңертең криминалистер өз жұмысын бастайды. Олардың жұмысы толық аяқталғанша сарайға (базарға) ешкімнің кіруіне рұқсат етілмейді. Ішінде қалған барлық тауарлар күзетіледі.
Жапа шеккендерге мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетілуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Оған қала әкімі И.Тоғайбаев үзілді-кесілді «Жоқ» деп жауап берді. Бірақ сөзінің аяғында өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында заң орындарына жүгінуге болатын шығар деген екіүшты пікір айтты.
ТЖ басқармасының бастығы М.Ысқақов әрт кезінде бір әйелдің жығылып, бұғанасын сындырып алғандығын, ал екінші бір әйелдің иіс тиіп уланғанын, бірақ ауруханаға жатудан бас тартқанын айтты. Басқа жапа шегуші болмаған.
Негізінен алғанда ерттің қалай шыққандығы туралы отқа абай болмағандықтан туындаған, жылыту аспабынан кеткен, электр сымдарының тұйықталуынан кеткен, қасақана ертелген деген сияқты бірнеше болжам бар. Оның қайсысы дұрыс екендігін сарапшылар анықтауға тиіс.
Не дегенмен де бұл оқиға Қарағандыда ең үлкен шығын келтірген өрт деген атауға ие болды. Шығын келемі де есептелетін болады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы