жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
29 Желтоқсан 2007

Құрметті облыс тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Әрине, бұл жыл Президентіміз Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдау белгісімен өтті. Онда біздің мемлекетіміздің алдағы 10 жылға дамуының қомақты бағдарламасы көрсетілді.
Мемлекет басшысы ұсынып, Конституцияға жасалған өзгерістері шын мәнінде тарихи оқиға болды. Ол Қазақстанның саяси құрылымын айтарлықтай өзгертіп, барлық қазақстандықтардың қолдауына ие болды. Саяси жаңғырту үшін жасалған осы өзгерістердің маңызын үстіміздегі жылғы 18 тамызда болған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға болған сайлау анық көрсетті. Онда біздің көшбасшымыз Н.Назарбаевтың партиясы - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы сенімді жеңіске жетті.
2007 жылғы маңызды оқиғалардың бірі ретінде «Қазақстан -2030» даму стратегиясының 10 жылдығын айтуға болады. Бүгінде бүкіл әлем өмірдің барлық саласында Қазақстанның қол жеткізген табыстары туралы таң қала паш етуде. Біздер бүгін бүкіл кеңестік кеңістікте болмаған стратегияның іске асуы арқасында халықтың жағдайы жақсарғанын айта аламыз.
Тағы бір маңызды оқиға ол - Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайлануы. Бұл, әрине, Елбасымыздың беделі артып және бүкіл Қазақстан халқының қол жеткізген табыстарын мойындау болып табылады.
Кұрметті достар!
Қарағанды облысы 2007 жылды тәуір табыстармен аяқтады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 800 млрд. теңгеден асып, 2006 жылмен салыстырғанда 15%-ке өсті. Бұл жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту, жаңаларын іске қосудың нәтижесі. Қосымша 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, Шағын және орта бизнес тұрақты дамыды. Село тұрғындары да жақсы нәтижеге қол жеткізіп, үстіміздегі жылы 577 мың тонна дәнді дақыл жинады, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 140 мың тоннаға артық. Экономика салаларымен бірге әлеуметтік сала да қоса дамыды. Атап айтқанда, 425 мың шаршы метр турғын үй тұрғызылды. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 35%-ке артық. Облыс үшін маңызды әлеуметтік мәдени объектілер іске қосылды. Соның ішінде 3 аудандық орталық аурухана, 2 селолық дәрігерлік амбулатория, 4 мектеп, 12 балалар бақшасы пайдалануға берілді. Қарағанды қаласымен облыс қалаларында аулаларды абаттандыру және жолдарды жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасты. Әрине, мұның барлығы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартты.
Экономиканың барлық салаларының тұрақты және серпінді дамуы біздің облысымызды инвесторлар үшін тартымды өтті. Мұны әлемнің 30 елінен 800-ден астам іскер адамдар қатысқан «Карагандаинвест - 2007» халықаралық инвестициялық форумы анық көрсетті.
Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осыншама жетістіктер шахтерлер мен металлургтердің, құрылысшылар мен село еңбеккерлерінің, экономика мен әлеуметтік саланың, басқа қызметкерлерінің еңбегінсіз мүмкін болмас еді. Бүгінде біз бастаушысы ел Президенті болған айтулы реформаларға белсене қатысқан облыс тұрғындарының барлығына ризашылық білдіреміз. Осы қол жеткізген табыстар жаңа 2008 жылы да біз белгіленген жоспарлар мен жобаларды орындап шығуымызға толық негіз жасайды деп сенеміз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Жаңа жылмен шынжүректен құттықтаймыз. Сіздерге және сіздердің туыстарыңызға зор денсаулық, отбасылық береке тілеп, барлық үміттеріңіздің ақталуына тілектеспіз. Сіздердің балаларыңыз бақытты болып, отбасыларыңызда тыныштық, байлық пен сыйластық болсын!
Жаңа жылдарыңызбен!

Н.НЫҒМАТУЛИН,
Қарағанды облысының әкімі.
Б.ЖҰМАБЕКОВ,
облыстық Мәслихаттың хатшысы.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы