жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Облыстық жоспарды орындау жөнінде ақпарат

Назад

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарын іске асыру туралы ақпарат

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпыұлттық (бұдан әрі -ЖҰЖ) жоспарын орындау үшін облыстық деңгейде ЖҰЖ іс-шаралар жоспарын орындау бойынша бекіту әзірленді.
13-тармақтан тұрақты бақылауда 9 болады.
4-тармақ бойынша бір реттік орындау мерзімдерімен тиісті атқарушы органдарға мерзімдеріне сәйкес ұсыныстар жіберілді:
- «2015–2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттерді көздеу» 4-тармағы бойынша - Қазақстан Республикасы Президентінің 6.04.2015 жылғы № 1030 Жарлығымен Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы әзірленді және бекітілді, тармақ орындалды;
- «Өңірлерде ШОБ өндірістерін дамытуға және қосымша инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтарды салу бойынша ұсыныстар әзірлеу»14-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық министрлігіне ұсыныстар жіберілді, тармақ бақылауда;
- «Жалға берілетін тұрғын үй құрылысының, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары мен жеке инвесторларды тарта отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртудың жаңа тетіктерін көздей отырып, Өңірлерді дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу»19-тармағы бойынша Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларды орындау бойынша облыстық деңгейде іс-шаралар әзірленді, бақылауда, тармақ орындалды.
Жалпы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы жылы Қарағанды облысына 6 млрд. 957 млн теңге сомасында нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінді.

    • 1150 млн.теңге – білім беру инфрақұрылымы саласын дамытуға;
    • 1700 млн.теңге – мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыруға;
    • 4107,2 млн.теңге – жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу.
Дата cоздания: 05 Қаңтар 2015 13:32
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 22 Мамыр 2015 14:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы