жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Завод құрылысында өгіздер техниканы ауыстырды

Назад

1960 жылдың 3 шілдесінде № 1 домна алғашқы Қазақстан шойынын берді. Осы күн Қазақстан Магниткасының туған күні деп саналады. Осы жылы Теміртау металлургиялық комбинат 50-жылдығын тойлайды.
Қазақстан Магниткасының ресми туған күні 1960 жылдың 3 шілдесі деп саналады – дәл осы күні № 1 домна пеші алғашқы Қазақстан шойының шығарды, ал комбинат құрылысы әлдеқашан ерте басталған еді. Орталық Қазақстанның темір рудасы толықтай зерттегеннен кейін Қарағанды аймағында, Самарқан кентінің жанында (Теміртау қаласының 1945 жылдың 1 қарашасына дейінгі аталуы) толық металлургиялық циклмен кәсіпорынды құру идеясы 30-шы жылдары туындады. Атақты ғалымдар Сәтбаев, Русаков, Сперанский оның авторлары болды. Оларды рудалық және жанармай базаларының: Атасу, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Качарск темір рудалалрының қазбалары және Қарағанды көмір бассейнінің жақындығы қызықтырды. Бірақ Ұлы Отан соғысының басталуы осы идеяның шұғыл орындалуын талап етті.
СССР АН президенті Комаров 1942 жылы қорғаныс қажеттіліктеріне байланысты Қазақстан ресурстарын қолдану бойынша өз хабарламасында келесіні атап өтті: «Қара металлургия аумағында мемлекеттік премия лауреаты Қ.И. Сәтбаевтың жетекшілігімен өткізілген жұмыстарды қолдана отырып, біз Орталық Қазақстанда жаңа металлургиялық завод құрылысына орын таңдау туралы мәселені қарастыруымыз керек». Себебі түсінікті: майданға металл қажет болды.
Осы тапсырыс рекортық мерзімде аяқталды. 1942 жылдың қарашасында СССР СНК металлургиялық заводтың құрылысына ғимарат жобасын жасауды ұсынды, ал екі жылдан кейін, 1944 жылдың 31 желтоқсанында № 1 мартен пеші алғашқы Қазақстан металын шығарды. Қазақ өндеу металлургиялық заводы Ескі қалада орналасқан, дәл осы жерде алғашқы Қазақстан шойыны өндірілген. Бірақ осы заводының жалғасы Магнитка болғасын, осы күн уақыт өткен сайын ұмытылды. Олай болмағанда 2009 жылы тағы бір маңызды күнді - алғашқы Қазақстан болатының 65-жылдығын мерекелеуге болатын еді.

Екі трактор мен 158 өгіз
Алғашқы Теміртау металлургиялық заводының құрылыс тарихы бойынша деректерлі алу үшін біз қала мұражайына бардық. Оның мұрағатында сақталған құжаттардың ішінде ССР ВКП ОК (б) 1930 жылғы 15 мамырдағы қаулысы сақталған, онда келесі мағлұматтар жазылған: «... СССР екінші көмір-металлургиялық орталықты Шығыста ашу елдің жедел индустриализация жағдайының маңызды қажеттілігі болып табылады». Бірақ толық циклды завод құрылысына қосымша ғылыми дайындық, сонымен қатар көп экономикалық және еңбек ресурстары керек еді. Сол уақытта, Ұлы Отан соғысының басталуымен металды өндеу қажеттілігі артты, себебі елге 70 % болат беретін, территориясында көмір-металлургиялық базасы бар Украина басып алынды. Майданды қарумен жарақтандыру үшін Үкімет металлургиялық өндірісті Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдады.
1943 жылдың наурызында Қарағанды ГРЭС алаңының жанында Қазақстан қайта өндіру металлургиялық заводының құрылысы басталды. Еңбек күшінің жетіспеушілігі соғыс жылдарындағы рухпен шешілді: құрылысқа Кеңес наркомының қаулысымен мобилизацияланған 3000 адам жолданды. Завод құрылысы қолмен жасалды деп айтуға болдаы – жұмыскерлердің басты құралдары күректер, ломдар мен балғалар болды. Жылжымалы арнайы техника құралдарынан тек қана өте үлкен тачкалар болды, оларды бос күйінде де орнынан жылжыту көп күшті қажет етті. Жұмыскерлер сменалық нормамен жұмыс жасады – 400 тасымал жасау керек еді. Еңбек жағдайының ауырлығынан басқа жұмыскерлер тұрмыстық та қиыншылықтарты төзді. Олар көпорынды, жел соғып тұратын барактарда өмір сүрді. Оған тағы да тамақтың аздығы мен бейімделмеген ауа райы жағдайын қосайық. Ол жылдары Орталық Қазақстанның қысы ызғарлы еді: қатып қалған су қоймаларында қатты суықтан мұз жарылатын, жарты метр ара қашықтықта ештеңе көрінбейтін қарлы борандар көп болды. Жел жұмыскерлер үшін маяк іспеттес қызмет атқаратын ҚарГРЭС орнатылған дыбыстық сиренаның дауысын басатындай күшпен соқты. Осындай ауыр жағдайда құрылысшылар ел үшін маңызды объект тұрғызды.
Құрылысты жабдықтаумен де көп қиыншылықтар болды: механизмдер мен материалдар жетіспеді. Жүкті тасуға 15 автокөлік пен 2 трактор жұмылдырылды. Техниканың жетіспеуі біршама өгіздермен толықтырылды – құрылыста 158 өгіз болды. Сонымен қатар арбалар мен шаналар қолданылды. Осындай ауыр қызметтін қорытындысы 1945 жылдың 31 желтоқсаны сағат күндізгі 12 алғашқы металды балқыту болды.
Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ қайтаөндіру металлургиялық заводының арқасында Теміртау индустриялық өрлеу орталығына айналды. 1946 жылдың маусымында алғашқы 400 илеу станы іске қосылды. 1947 жылдың тамызында цехта № 2 мартен пеші және жұқажолақты айналдыру стандары жұмыс жасай бастады. Металлург мамандығы құррметті мамандықтырдың біріне айналды. Бірақ бұл завод 30 жылдардағы идеяғасәйкес келмеді.

Ауыл адамдарынан – құрылысшылар мен металлургтер
1948 жылдың қарашасында толық өндірістік циклмен Қарағанды металлургиялық заводы құрылысына алаң бекітілді. Құрылыс орны арнайы таңдалды – Қуаныш Сәтбаевтың бастамасымен жұмыс тобының ұзақ зерттеулерінен кейін таңдалды. Ғалымдардың ойынша, объектінің Самарқан су қоймасына жақын орналасқандығы жақсы. Ал 1957 жылы Теміртауға алғашқы 7000 адам келді – осылайша Кеңес Одағының жастары үкіметтің Қазақстан Магниткасының құрылысына шақыруына ат салысты. 1958 жылы осы құрылыс барлық Одақтың күшті комсомол құрылысы деп аталды. Комбинат құрылысына мемлекет толығымен қатысты: құрылысқа СССР барлық жерлерінен материалдар мен құралдарды әкелді, қалаға адамдар қоныстана бастады.
Бірақ адамдар көптеп келсе де, заводта білікті мамандар жетіспеді. Сонда Қазақстан ауыл жастары өкілдерінің ішінен 2000 жас адамды металлург ісіне үйренуге Украинаға жолдау шешімі қабылданды. Мұражайдың ғылыми қызметкері Татьяна Хмелеваның айтуынша, ал оның әңгімесі сол кездегі оқиғаларға қатысушылардың естеліктерінен құралған, металлург болатын жігіттердің көбісі техникалық прогресс туралы білімі аз болды, қарапайым паравоз да олар үшін ғажайып, сенгісіз техника болды. Бірақ оқуға 7 ай ғана бөлінді, комсомолдар оқуын жақсы аяқтап шықты.
1960 жылдың 3 шілдесінде бірінші домна алғашқы Қазақстан шойының берді. Осы күн Қазақстан Магниткасының туған күні деп есептеледі. Дәл осы күні Теміртау комбинаты өзінің 50-жылдығын атап өтеді.

Анна БОНДАРЬ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы