жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 13°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Теміртауда «Магнитка алауы» тұтанды

Назад

Мамырдың 15-і күні Теміртау қаласында «Магнитка алауы» атты акция бастау алды. Теміртау жастар клубы, Қазақстан Азаматтық альянсы және «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған бұл акция Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналып отыр. Аталған шара аясында теміртаулық жастар қалпына келтірген спорт алаңы салтанатты түрде ашылды.
Қазақстанның Азаматтық альянсының «Бiрлiгiмiз жарасқан» ақпараттық әлеуметтік кампаниясы шеңберінде бүгінге дейін еліміз бойынша осындай он бестен астам іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, Павлодарда «Ізгілік сабақтары», «Болашақ үшін өткенді сақтаймыз», Қостанайда «Есте сақтаймын! Мақтан тұтамын!», Алматы, Ақтөбе және Шымкентте «Болашақ үшін өткенді сақтаймыз» атты акция болып өтті. Астанада «Балам-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығы ашылды.
Теміртаудағы денсаулық эстафетасына спортшылар мен музыканттар, бишілер мен әншілер, қала тұрғындары белсене қатысты. Автожарыспен басталған акция барысында жұртшылық бұдан әрі футбол фестивалін, әкімнің кубогы үшін болған КТК сайысын, суретшілер байқауын тамашалады. Сондай-ақ, осы шара аясында жұмысшы жастар форумы ұйымдастырылды. Акцияның ашылуына пауэрлифтинргтен әлемнің 14 дүркін чемпионы Алексей Сивоконь, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәурен Есімханов секілді спортшылар келіп қатысты. Бұдан басқа да көптеген спорттық шаралар жиын көркін қыздырды. «Бұндай шаралардың маңызы өте зор. Біз бүгін кішкентай теміртаулықтарды биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақстан Магниткасының тарихымен таныстарып жатырмыз. Ал аға буынға тартуымыз — спорттық сайыстар. Спорт алаңын қалпына келтіруге көп еңбек сіңірілді. Бұл тек жастардың ғана емес, жергілікті биліктің, жеке кәсіпкерлердің қолдауының арқасында жүзеге асты. Міне, бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Енді біздің алаңымыз кез-келген адамның спортпен шұғылдануына даяр» дейді жастар.
«Біздің штаб пен 5 мектеп штабы осы уақыт ішінде жұдырықтай жұмылған бір командаға айналды. Осы алаңды қалыпқа келтіру барысында біздің ұйым үшін алынбайтын асу жоқ екеніне көзіміз жетті. Бұл бастама басқаларға да үлгі болады деп ойлаймын», — дейді Теміртау жастар клубының басшысы Алексей Ломакин.
Қамбар АХМЕТОВ
Қарағанды
«Айқын» газеті 18.05.10

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы