жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Майталман металлург

Назад

Осыдан біраз жыл бұрын Теміртау қаласының 60 жылдық мерейтойында Елбасы: «Қазақстан Магниткасы» атанған Қарағанды металлургия зауытын аяғынан қаз тұрғызған біз көп ұлтты ұжымда жұмыс істедік, бірақ та ешкімді ұлтына бөлген жоқпыз. Мен осы комбинатта 19 жыл еңбек еттім, бұл маған қазір де күш-жігер беретін үлкен өмір мектебі» деген болатын. Металлургиялық зауыттың жұмысшысы Виктор Павлович Ткаченко да осы үлкен мектепте шыңдалғанын мақтаныш тұтады.
«Комбинаттағы қайнаған еңбекке біздер Нұрсұлтан Әбішұлынан 5-6 жылдан кейін келіп араластық. Әрине ол кезде тағдыр маған еңбек жолымды Еліміздің тұңғыш Президенті өмір мектебінен өткен жерден бастау бақытын бұйыртып тұрғанын білмеген едім», — дейді Виктор Павлович.
Иә, металлургиялық комбинат шын мәнісінде үлкен өмір мектебі болды. Бұнда еңбек жолын бастағандардың араларынан тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, бірнеше ғылым докторы, өндіріс басшылары, мұғалімдер, кәсіпкерлер шықты.
Міне, осындай елге танымал азаматтардың ізін басып, ісін жалғастырған В.Ткаченко да бүгінде металлургиялық комбинаттағы сыйлы азаматтың бірі. Осы салада 34 жыл, оның ішінде №1-ші қаңылтыр цехында 24 жыл бойы тапжылмай жұмыс істеп келе жатқан ол 2008 жылы «Комбинат ардагері» атағына ие болды. 2009 жылы «Кәсібінің майталманы» атағына ұсынылып, Металлургтер күні қарсаңында марапатталды. Жастарға ұстаздық етіп, білгенін үйретуден жалыққан емес. Ұжымда өз ісіне жауапты қызметкер үлкен беделге ие.
- Теміртау қаласынан 100 шақырым жердегі Анар станциясының тумасымын. Біздер армиядан келген 1976 жылы Қазақстан Магниткасының атағы дүркіреп тұрған кез. Келе қайнаған еңбектің ортасына қойып кеттік. Әрине, металлургиялық зауытта жұмыс істеу анау айтқандай оңай емес екенін түсіндік көп ұзамай. Менімен бірге жұмысқа кіргендердің бірқатары шыдамай жұмыстан шығып кетіп жатты. Бірақ, өз басым еңбек жолымның дені осы өндіріс орнында өтіп келе жатқанына өкінбеймін. Еңбегіміз бағаланды. Ұжымда сыйлымыз. Одан артық не керек, — дейді еңбеккер.
Бұдан соң Виктор Павлович әңгіме желісін Кеңес Одағының күйреуіне байланысты көптеген кәсіпорындар тоқтап қалған қиын кезеңдерге бұрды. «Ол жылдар комбинатқа оңай болған жоқ. Айлар бойы жалақы алмаған күндеріміз де болды. Бірақ, қанша қиналсақ та болашаққа үмітпен қарадық. Үмітіміз ақталды. Ел басшылығының сол тұстарда инвесторларды тарту туралы шешімі - бірден-бір дұрыс қадам болғанын бүгін көріп отырмыз», - дейді ол.
Иә, комбинаттың өсу жолы осында ширек ғасырдан астам еңбектенген оның көз алдында. Комбинат қазірде толық циклды металлургия өндірісіне айналған. Қазіргі қожайын — «МитталСтил Теміртау» компаниясы тұсында да қара металлургияның қара шаңырағы қарышты даму үстінде.
Қамбар АХМЕТОВ
Қарағанды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы