жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -7°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ғылыми жобалардың мазмұны және қатысушыларға қойылатын талаптар

Назад

1. Конкурстың облыстық кезеңіне облыстық білім беру ұйымдарынан және білім бөлімдерінен бір жобадан (әр бағыттан) қатыса алады.
2. Ғылыми жобаларда зерттеу нәтижелері болуы қажет және жоба оқушы өз бетімен немесе бірігіп әзірлеу керек.
3. Конкурсқа ұсынылатын жобаларды автор өз бетімен жасайды. Жобаларға жетекшілік ететін ЖОО ғылыми дәрежесі бар оқытушысы немесе жетекші оқытушы болуы қажет.
4. Ақпараттық хабарлама немесе әдебиеттің мазмұндамалық зерттеуі болып табылатын жобалар Конкурсқа жіберілмейді, қаралмайды.
5. Ғылыми алаяқтық (плагиат, бөтен адамдың зерттеулерін пайдалану немесе тұсаукесер рәсімінде пайдалану т.с.с.), Конкурстың кез келген кезеңінде басқа қатысушыларға лайықсыз мінез көрсетуге тиым салынады.
6. Зерттеу жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптары:
1) Жұмыс мәтіні компьютерде басылып, төменгідей рәсімделуі қажет:
- Титулдық бет;
- мазмұны;
- абстракт (андатпа) қазақ немесе орыс тілінде (жоба жазылған тілде);
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі (негізгі бөлім);
- қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттің тізімі;
2) титулдық бетінде болу қажет:
- жоба әзірленген мекеменің толық атауы, қаласы, мектеп;
- автордың (бірлескен автор) аты-жөні, сыныбы, тобы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың бағыты;
- ғылыми жетекшінің аты- тегі, әкесінің аты;
- қала (аудан), жылы;
3) абстракт (андатпа) ( 250 сөзден астам емес)
- жобаның қысқаша мазмұны:
- зерттеудің мақсаты;
- гипотезасы;
- кезеңдері, зерттеу рәсімі;
- тәжірибенің әдістемесі;
- зерттеудің жаңашылдығы және дербестік деңгейі;
- жұмыс нәтижесі мен қорытындысын;
- нәтиженің практикалық пайдалану саласын анықтап көрсету қажет.
4) кіріспеде (2 беттен артық емес) төмендегі мәселелер қамтылу керек:
- зерттеу тақырыбының көкейкестігі,
- жұмыстың мақсаты (міндеті);
- қойылған міндеттін шешу әдістері;
5) зерттеу (негізгі) бөлігі (20 сөзден астам емес) дербес тараудан (параграф) тұруы мүмкін және онда қамтылатын:
- таңдалған тақырыптан белгілі нәтижелер қорытындыларына шолу, осы жобаның қажеттілігі мен мақсатын (міндетін) дәлелдеу үшін;
- қойылған міндетті шешетін әдістемелерді баяндау;
- жұмыс нәтижелері және оларға сипаттама;
- суреттеме материалдары (сызбалар, графиктер, фотографиялар, суреттер)
болуы қажет;
6) пайдаланған әдебиетке сілтемелерді квадрат жақша ішіне жазу. Сілтемелердің нөмірі текстте кездескен ретімен орналасуы қажет;
7) қорытындыда (1 беттен артық болмауы керек) жұмыстың негізгі нәтижесі, осыған байланысты жасалған тұжырымдар және оны ғылым мен іс жүзінде пайдалануы;
8) пайдаланған әдебиет жұмыстың аяғында жалпы тізіммен төмендегі ретпен беріледі:
- автордың аты- жөні,тегі;
- мақаламен журнал атауы ( журналдағы мақалалар үшін);
- журнал мен кітаптің атауы;
- баспаның мекен-жайы мен басылымы (кітаптар үшін);
- басылып шыққан жылы, нөмірі, беті;
9) әр жобаға жетекші пікірін жазу міндетті, онда тақырыптың көкейкестілігі, автордың өзіндік үлесі, кемшіліктері және болашақта нәтижесін пайдалану жөнінде ұсыныстар болуы қажет;
10) үшінші кезеңде жобаны қорғау үшін стенд әзірлеу ұсынылады (135х125 см), оған демонстрациялық материалдар (баяндамаға қосымша) орналастырылады.
7. Стендке қойылатын талаптар:
- стендттің жоғары жағында көлденен абстракт, қатысушының аты-жөні, жасы, мекеменің атауы, қала, облысы жазылады;
- стендт жобаның тақырыбын ашып, эстетикалық талапқа сай безендірілуі қажет, онда график, фотографиялар, суреттер, диаграммалар ретімен нөмірленіп орналастырылады; міндетті түрде қорытындысы болуы керек;
- жоба әзірленгенде авторы нәтижесіне ерекше көңіл бөлу қажет.
8. Ғылыми жобаға қосымша бизнес-жоспар (сметасы) және әрекеттегі модель болуы қажет (әрекеттегі модельсіз ғылыми жоба қабылданбайды).
9. Ғылыми жетекші нәтиженің анық және қисынды болуын қамтамасыз ету қажет, басқа дипломдық, магистрлық, кандидаттық жұмыстардан, ғылыми ұжымдарының есебінен алынған қорытындылар болмауын қадағалау қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы