жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 7°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2019 жылы бойынша есептер

Назад

Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының 2019 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары 190 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олардың 158 түрі тегін, 21 түрі ақылы негізде, 11 түрі ақылы және тегін көрсетіледі.
2019 жылы облыста 7189722 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың 68 мемлекеттік қызмет түрін көрсететін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 173363 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электронды түрде 59 қызмет түрі көрсетіледі, олар бойынша 5305832 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде 1710527 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде денсаулық сақтау және ветеринария саласында көрсетілетін қызметтер неғұрлым сұранысқа ие болды, атап айтқанда:
- "Дәрігердің қабылдауына жазылу" қызметі бойынша 3998558 (55,6%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- "Дәрігерді үйге шақыру" қызметі бойынша 331706 (4,6%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- "Жедел медициналық көмек көрсету" қызметі бойынша 592584 (8,2%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізу" қызметі бойынша 306349 (4,2%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. Қызмет алушылармен жұмыс
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді қолжетімді алу үшін автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі мамандандырылған орталықты қоса алғанда, 32 фронт-офис жұмыс істейді.
Сондай-ақ, шалғайдағы ауылдық округтерге барып мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру үшін GPS-навигаторлармен жабдықталған 7 мобильді ХҚКО жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін мобильдік топтар жұмыс істейді.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық нысанын пайдаланушылар санын ұлғайту үшін "Электрондық үкімет" бастамаларын танымал ету және электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) жаппай таралуын қамтамасыз ету бойынша тұрақты жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2019 жылы 470875 ЭЦҚ берілді.
Облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарында "Open Акimat", "Open space" және "Әкімдіктің қоғамдық қабылдауы" жобалары іске асырылды. Бұл жобалар кеңес беру, құжаттарды қабылдау және халыққа бір терезе және электрондық кезек арқылы көмек көрсету үшін қолайлы алаң құрады. 6 "Open Akimat", 8 "Open space" және 14 "Әкімдіктің қоғамдық қабылдауы" жобалары жіске асырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.
Облыста Қарағанды облысы ПД "Көші-қон қызметтері бөлімі" және "Азаматтарға арналған үкімет" МК "Цифрлық технологиялар орталығы" жұмыс істейді.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар және өзге де іс-шаралар өткізілді. 2019 жыл ішінде осындай 1454 іс-шара өткізілді.
Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтердің паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді алу мақсатында оқыту жүргізіледі. 2019 жыл ішінде 126 мың адам оқытылды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының электрондық қызмет көрсету порталында оқыту бейнероликтері түрінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша сервис жұмыс істейді. Қызмет көрсету кезінде сервиске 190120 рет жүгіну тіркелген.
Азаматтардың қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді көпшілік алдында талқылауға белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есепті кездесулеріне енгізілді. Көпшілік алдындағы талқылаулардың қорытындылары әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Барлық мемлекеттік органдарда және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ғимараттарында қызметтерді алу, оларға шағымдану тәртібі, алу мерзімдері туралы ақпарат, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығы туралы ақпарат орналастырылған.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" Жолдауының бір бағыты халықтың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Негізгі екпін 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80%, ал 2020 жылы кемінде 90% электронды форматқа ауыстыруға жасалған.
Облыста осы бағытта өткізілген іс-шаралар төмендегідей:
Цифрландыру аясында "ДамуМед" мобильді қосымшасы арқылы "Дәрігерді үйге шақыру" және "Дәрігердің қабылдауына жазылу" атты 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қосымша сондай-ақ зертханалық зерттеулердің нәтижелерін, рецептілерді, аурухана қағазын алуға мүмкіндік береді. "ДамуМед" қосымшасын облыстың 394 мыңға жуық тұрғыны пайдаланады.
Қазіргі уақытта облыс бойынша білім беру саласындағы қызметтер бойынша жетілдірілген жүйені ("School.gov.kz", "indigo", "inkraft" "Білімал") енгізу бойынша жұмыс жалғастырылуда. Жүйе облыстың барлық қалаларының, Абай, Нұра және Ақтоғай аудандарының мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерінде енгізілді. Бұл жүйе арқылы 48 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста "Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты - оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" республикалық жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2021 жылға дейін облыстың 52 ауылдық елді мекені (бұдан әрі-АЕМ) жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні жоба аясында 8 АЕМ құрылысы аяқталды.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2019 жылы облыстың мемлекеттік органдары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын іске асырды. Жыл бойы 828 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Тексеру барысында 486 қызмет көрсету мерзімі бұзылғаны және 13 шағым түскені анықталды. Осы деректерге жауапты тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылды. Нәтижелерді талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында курстар өткізілуде, 2019 жылы 452 маман оқытылды.
Қарағанды облысында анықталған кемшіліктерді жою және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес өткен жылы төмендегідей іс-шаралар өткізілді:
- қызмет көрсетушілерге іс жүзінде нақты көмек көрсету бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы облыстың 15 қаласы мен ауданына, 12 басқармаға тәжірибелік көмек көрсетті;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді;
- «Мониторинг» ақпараттық жүйесіндегі бұзушылықтардың тұрақты мониторингі жүргізіледі;
- мемлекеттік органдар ішкі мемлекеттік бақылауды жүргізу бойынша жұмысты күшейтті;
- "Құпия сатып алушы" түріндегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілді.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындылары бойынша облыстың қызмет алушыларының қанағаттану деңгейі 79% немесе мүмкін болған 5 баллдан 4,85 баллды құрады.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары
Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылардың байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімін электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс жалғастырылуда.
Осылайша, 2020 жылы облыста "Қарағанды облысының мемлекеттік қызметтерін автоматтандыруға арналған платформа" бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жоспарлануда. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру платформасы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге интеграциялау арқылы артық құжаттарды талап етуді болдырмауға мүмкіндік береді және халыққа мемлекеттік органдарға бармай мемлекеттік қызметтер порталында электрондық форматта мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік береді.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" МК, "электрондық үкімет" және "электрондық лицензиялау" порталдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен жүргізілетін түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады. 

Дата cоздания: 27 Қаңтар 2020 17:56
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 27 Қаңтар 2020 17:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы