жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2018 жылы бойынша есептер

Назад

 Қарағанды облысының атқарушы органдарының
мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша 2018 жылғы жұмысы туралы есеп

1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарымен 196 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2018 жылы 7 537 378 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Жергілікті атқарушы органдардың 82 мемлекеттік қызмет түрін көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2018 жыл ішінде 162 692 мемқызмет көрсетілген. Электрондық түрде қызметтің 119 түрі көрсетіледі, олар бойынша 5 687 919 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде барынша сұранысқа ие мемлекеттік қызмет көрсетулер денсаулық сақтау және ветеринария салаларында болып табылады, атап айтқанда:
- «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызмет көрсетуі бойынша 3 391 790 (44,9 %) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Медициналық ұйымға тіркеу» қызметі бойынша 1 410 575 (18,7%) қызмет көрсетілді
- «Дәрігерді үйге шақыру» қызмет көрсетуі бойынша 500 295 (6,6 %) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринарлық паспорт берумен бірегейлендіруді жүргізу» қызмет көрсетуі бойынша 431 314 (5,7 %) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» қызмет көрсетуі бойынша 260618 (3,4%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. Қызмет алушылармен жұмыс
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді «бір терезе» қағидасы бойынша қолжетімді алу үшін облыста Автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру жөніндегі арнайы орталықты қосқанда 34 фронт-офис жұмыс істейді.
Шалғай селолық округтерге шығумен мемлекеттік қызмет көрсетулерге өтініштер қабылдауды іске асыру үшін GPS-навигаторлармен жарақтанған 7 ұтқыр ХҚКО құрылды.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұтқыр топтар жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді электронды түрде пайдаланушылардың санын арттыру үшін ақпарат құралдары арқылы «электронды үкімет» бастамаларын танымал ету және электронды санды қолды жаппай таратуды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жүйелі жұмыс жүргізіледі. 2018 жылы 345087 ЭСҚ берілген.
Қызмет алушылардың мемқызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша келесі жұмыс жүргізіледі: осы мақсатта семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар мен басқа да ісшаралар өткізілді. 2018 жылы барлығы осындай 1 103 іс-шаралар өткізілді.
Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемқызмет көрсетулердің паспорттары, оларды алу мен арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер жөніндегі жұмысы туралы есептер орналастырылған.
Компьютерлік сауаттылықты арттыру, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттық технологиямен алуды арттыру мақсатында тұрғындарды оқыту жүргізіледі. 2018 жылдар кезеңінде 108 мың адам оқытылды.
Бұған қоса, 2013 жылдан бастап Қарағанды облысының электронды қызмет көрсетулерінің порталында тұрғындарды компьютерлік сауаттылықтың негіздеріне оқыту бойынша сервис ұйымдастырылды. Оқыту үйретуші бейне-роликтер түрінде ұйымдастырылған. Сервис жұмыс істеген мерзімнен бері оған 148 482 рет жүгінген.
Тұрақты тұрде мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша қызметшілердің біліктілігін арттыру аймақтық орталығында курстан 237 қызметшілер өтті. 2018 жылы 1420 мерзімдер бұзылды. Бұл ретте атап көрсету керек, осы деректерге жауапты тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылды. 2018 жылы 6 арыз түскен.Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін 47 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл жұмыс тұрақты бақылау мен мониторингке алынған. Оның жүйелілігін, есептілігі мен жоспарлануын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі жыл сайын тиісті іс-шаралар жоспарларын бекітеді.
Мысалы, 2018 жылғы 12 ақпанда облыс әкімінің орынбасарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сақтау және мемлекеттік қызметтерді уақытылы орындау жөніндегі Ісшаралар жоспарын бекіткен. 
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыс туралы көпшілік талқылауларға азаматтардың белсенді қатысуларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есептеріне енгізілді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептерді көпшілік тыңдауларды өткізудің нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар дайындалып, Қарағанды облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.
Барлық меморгандарда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация ғимараттарында мемқызметтер алу, оларға арыздану, алу мерзімдері туралы, сол сияқты 1414 бірегей байланыс орталығы туралы ақпарат орналастырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша жұмыс
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің үдерістерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсетудің сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді.
Денсаулық сақтау жүйесінің Бірегей ұлттық жүйесінің тұжырымдамасына сәйкес: денсаулық сақтау субьектілерін басқарудың қазіргі заманғы қағидаттарын енгізу, ақпараттық жүйе мен салалық статистиканы дамыту мақсатында 2015 жылдан бастап Қарағанды облысында барлық БМСК ұйымдарында «Кешенді медициналық ақпараттық жүйе» порталы арқылы дәрігерге жазылу мен дәрігерді үйге шақыруды электронды түрде жүзеге асыруды енгізу бойынша пилоттық жоба бастау алды.
Тұрғындарды үгіттеу үшін Медициналық күнделікті пайдалану туралы пациенттерге жадуалдар әзірленді.
Цифрландыру шеңберінде «ДамуМед» мобильді қосымшасы әзірленді. Мобильдік қосымшаның көмегімен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі - «Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу». Қосымша онымен қоса зертханалық зерттеулердің, рецептілердің, еңбекке жжарамсыздық парақтарының нәтижелерін алуға мүмкіндік береді. «Даму Медпен» қазірдің өзінде облыстың 357 мың тұрғыны пайдаланады.
Балабақшаларда балаларды кезекке қоюдың жетілдірілген жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда, әрі қарай мыналар көзделеді:
- жеңілдіктерді ескере отырып, бос орындарды автоматты түрде бөлу;
- жасқа байланысты алты кезекте өтініштерді бөлу (сақтау мерзімі - 0 жастан 1 жылға дейін, ерте топ - 1-2 жас, 1 жас топ - 2-3 жас, 2 жас топ - 3-4 жыл, орта топ - 4- 5 жас, жоғарғы топ - 5-6 жас);
- маңызды емес мәлімдемелерді анықтау (бала көшіп кеткен немесе бала бақшаға мұқтаж емес);
- электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланбай электронды өтініш беру мүмкіндігі.
Бүгінгі күні жүйе облыстың 10 қаласында және аудандарында мектепке дейінгі мекемелерінде енгізілген. Биыл облыстың барлық аймақтарын қамту жоспарланып отыр. Осы жүйе арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға 17 000-нан астам жолдама берілді және 35 000 бала кезекке қойылды.
ТКШ саласында 2013 жылдан бастап облыста мемлекеттік тұрғын үй қорынан және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімінің кезектілікті жүргізу бойынша ақпараттық жүйесі бар. 2018 жылы бұл жүйе 140 мыңнан астам рет (144 083) (тұрғын үй кезектерінің қызметі үшін 104 182 және жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдері үшін 39 901) пайдаланылды.
2010 жылдан бастап облыста «Білімал» ақпараттық жүйелерінің бірыңғай кешені жұмыс істейді, оған облыс мектептерінің шамамен 95% қосылған. (515 мектептің 490-ы). «Білімал» жобасы келесідей білім беру модульдерінен тұрады: «Электронды журнал», «Электронды күнделік», «Жалпы білім беру», «Оқулық», «Еду-Марк», «GradeApp» қосымшалары және «Кім боламын?» мамандығық бойынша навигатор. «Білімал» ақпараттық жүйесі аналитикалық ақпараттарды дайындау үшін еңбек шығындарын едəуір төмендетеді, оқушылардың жетістіктерін жəне толыққанды білім алуды (жалпыға бірдей білім беру) талдау, оқушылар мен ата-аналардың білім беру процесі туралы хабардарлық деңгейін арттырады. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаны облыста 83 мыңнан астам пайдаланушы пайдаланады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының ауылдық елді-мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың ауылдық жерлерінде электронды түрде қызмет алу мүмкіндігі үшін, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Интернетке және IP VPN-ге 52 елді мекен қосылатын болады. 2018 жылы Шет ауданының Успенский ауылдық округі қосылды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын бақылау.
2017 жылы облыстың Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша 2018 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілген. 2018 жылы облыста 861бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша тексерулер өткізудің жоспар-кестесіне сәйкес 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулерге қатысатын облыстық басқармаларға, қалалар мен аудандардың меморгандарына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында консультативтік көмек көрсетілді. Тексеру мен талдаудың қорытындылары бойынша тиісті нұсқамалар берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімдерін сақтауды бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсетудің сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын мамандарға түсіндіру жұмысы консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттандыруын арттыру мен одан әрі тиімділігінің перспективалары.
2018 жылы зерттеу орталығы «Сандж» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі Агенттік орналастырған әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Әлеуметтік зерттеу барысында 23 мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша респонденттерге сауалнама жүргізілді. 2018 жылы өтініш білдірген респонденттердің сауалнамасының қорытындысы бойынша қанағаттану көрсеткіші 80,3 % немесе 4,75 балл құраған.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге, соның ішінде электронды форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мен «электронды үкімет», «электронды лицензиялау» порталдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.
Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсетулер ресімдеулерін баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында арқылы алуға ауыстыру бойынша жұмыс жалғасады.
Ішкі бақылауды, құқықтық жалпыға міндетті оқулар мен семинарларды өткізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша жұмыс жалғасатын болады. 

Дата cоздания: 29 Наурыз 2019 11:01
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Наурыз 2019 11:12
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы