жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 32°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2016 жылы бойынша есептер

Назад

Қарағанды облысының атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша 2016 жылғы жұмысы туралы есеп

1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсетулердің 174 түрлерін көрсетеді.
2015 жылы 5 727 504 мемлекеттік қызмет көрсетулер көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің 65 түрлерін көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2016 жылдың ішінде 147 629 мемқызмет көрсетілген.
«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемқызметтің 88 түрлері көрсетіледі, ол бойынша 3 594 578 мемқызмет көрсетілген.
Есепті кезеңде барынша сұранысқа ие мемлекеттік қызмет көрсетулер денсаулық сақтау және ветеринария салаларында болып табылады, атап айтқанда:
- «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызмет көрсетуі бойынша 2 987 568 (52%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Дәрігерді үйге шақыру» қызмет көрсетуі бойынша 422 206 (7,4%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринарлық паспорт берумен бірегейлендіруді жүргізу» қызмет көрсетуі бойынша 537 094 (9,4%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» қызмет көрсетуі бойынша 244 582 (4,3%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызмет көрсетулерді «бір терезе» қағидасы бойынша қолжетімді алу үшін облыста Автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру жөніндегі арнайы орталықты қосқанда 41 фронт-офис жұмыс істейді.
Шалғай селолық округтерге шығумен мемлекеттік қызмет көрсетулерге өтініштер қабылдауды іске асыру үшін GPS-навигаторлармен жарақтанған 7 ұтқыр ХҚКО құрылды.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұтқыр топтар жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді электронды түрде пайдаланушылардың санын арттыру үшін ақпарат құралдары арқылы «электронды үкімет» бастамаларын танымал ету және электронды санды қолды жаппай таратуды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жүйелі жұмыс жүргізіледі. 2016 жылы жергілікті ақпарат құралдарында 69 жарияланым шықты және 241 997 ЭСҚ берілген.
Қызмет алушылардың мемқызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: осы мақсатта семинар-кеңестер, «дөңгелек столдар», брифингтер, конференциялар мен басқа да іс-шаралар өткізілді. 2015 жылы барлығы осындай 1 269 іс-шаралар өткізілді.
Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемқызмет көрсетулердің паспорттары, оларды алу мен арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер жөніндегі жұмысы туралы есептер орналастырылған.
Компьютерлік сауаттылықты арттыру, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттық технологиямен алуды арттыру мақсатында тұрғындарды оқыту жүргізіледі. 2013-2016 жылдар кезеңінде 62 085 адам оқытылды.
Бұған қоса, 2013 жылдан бастап Қарағанды облысының электронды қызмет көрсетулерінің порталында тұрғындарды компьютерлік сауаттылықтың негіздеріне оқыту бойынша сервис ұйымдастырылды. Оқыту үйретуші бейне-роликтер түрінде ұйымдастырылған. Сервис жұмыс істеген мерзімнен бері оған 114 873 рет жүгінген.
Тұрақты тұрде мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша қызметшілердің біліктілігін арттыру аймақтық орталығында курстан 354 қызметшілер өтті.
Бұдан басқа, облыстың серверлік орталығында мемлекеттік қызмет көрсету процессінде қолданылатын жүйелік жасақтамада және іске қосу дерекқорында жұмыс атқару үшін ЖАО-дың 919 маманы оқытылды. Барлығы 1 361 адам оқытылды.
Нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімдері бұзылуын елеулі төмендету. Егер 2015 жылы 210 мерзімдері бұзылуына жол берілсе, 2016 жылы – 137(35% төмендеуі). Бұл ретте атап көрсету керек, осы деректерге жауапты тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылды. 2016 жылы 1 арыз түскен (1 арыз - 2015 жылы ).
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін 73 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл жұмыс тұрақты бақылау мен мониторингке алынған. Оның жүйелілігін, есептілігі мен жоспарлануын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі жыл сайын тиісті іс-шаралар жоспарларын бекітеді.
Мысалы, 2016 жылғы 16 мамырда Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының 2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысының тиімділігін бағалаудың қорытындылары бойынша ұсынымдар мен тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары жоспары әкім облысымен бекітілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыс туралы көпшілік талқылауларға азаматтардың белсенді қатысуларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есептеріне енгізілді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептерді көпшілік тыңдауларды өткізудің нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар дайындалып, Қарағанды облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.
Барлық меморгандарда және ХҚКО ғимараттарында мемқызметтер алу, оларға арыздану, алу мерзімдері туралы, сол сияқты 1414 бірегей байланыс орталығы туралы ақпарат орналастырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша жұмыс

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің үдерістерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсетудің сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді.
Денсаулық сақтау жүйесінің Бірегей ұлттық жүйесінің тұжырымдамасына сәйкес: денсаулық сақтау субьектілерін басқарудың қазіргі заманғы қағидаттарын енгізу, ақпараттық жүйе мен салалық статистиканы дамыту мақсатында 2015 жылдан бастап Қарағанды облысында барлық БМСК ұйымдарында «Кешенді медициналық ақпараттық жүйе» порталы арқылы дәрігерге жазылу мен дәрігерді үйге шақыруды электронды түрде жүзеге асыруды енгізу бойынша пилоттық жоба бастау алды.
Тұрғындарды үгіттеу үшін Медициналық күнделікті пайдалану туралы пациенттерге жадуалдар әзірленді.
Бұған қоса, облыстың жергілікті атқарушы органдары рұқсат беру құжаттарының 53 түрін береді. Рұқсат беру құжаттарын автоматтандырумен қатар республикалық деңгейде мемқызметттерді автоматтандыру бойынша статистикалық мәліметтерді енгізу жөніндегі қосымша функционал мен пайдаланушыларды анкеталау жөніндегі функционал іске асырылды, бұл жоғарыда аталған мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігін жоққа шығарады. Мемлекеттік органдардың пайдаланушыларын оны одан әрі қолдану үшін осы функционалдармен жұмыс жүргізуге оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.
Барлық облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдіктері, соның ішінде оларға бағынышты мемлекеттік мекемелер БТЖ-мен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын бақылау.

2016 жылы облыс әкімі аппаратының басшысымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша 2016 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекіттілген. Облыста жыл бойы 1032 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша тексерулер өткізудің жоспар-кестесіне сәйкес 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулерге қатысатын облыстық басқармаларға, қалалар мен аудандардың меморгандарына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында консультативтік көмек көрсетілді. Тексеру мен талдаудың қорытындылары бойынша тиісті нұсқамалар берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімдерін сақтауды бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсетудің сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын мамандарға түсіндіру жұмысы консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттандыруын арттыру мен одан әрі тиімділігінің перспективалары.

2016 жылы «Білім» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі Агенттік орналастырған әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Әлеуметтік зерттеу барысында 9 мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша 9 082 респондентке сауалнама жүргізілді.
Келесі әлеуметтік зерттеу мемлекеттік қызмет көрсетулері: «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» бойынша жүргізілді.
2016 жылы жоғарыда аталған қызметтерді көрсетуге өтініш білдірген респонденттердің сауалнамасының қорытындысы бойынша қанағаттану көрсеткіші 85% құраған.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге, соның ішінде электронды форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулерді ХҚКО мен «электронды үкімет», «электронды лицензиялау» порталдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.
Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсетулер ресімдеулерін баламалы негізде ХҚКО арқылы алуға ауыстыру бойынша жұмыс жалғасады.
Ішкі бақылауды, құқықтық жалпыға міндетті оқулар мен семинарларды өткізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Дата cоздания: 15 Наурыз 2017 11:14
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 15 Наурыз 2017 11:15
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы