жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2014 жылы бойынша есептер

Назад

Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік органдарының
2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы
ақпарат

Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкесмемлекеттік қызмет көрсетулердің 130 түрін көрсетеді.2014 жылдың ішінде 4165016қызмет көрсетілген, соның ішінде 45 түрі ХҚКО арқылы көрсетіледі, олар бойынша 74445мемлекеттік қызмет көрсетілген.«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің 43 түрі көрсетіледі, олар бойынша 143 276мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Тегін негізде 114мемлекеттік қызмет түрлерін, ақылы негізде 22 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы әкімдігінің қаулыларымен 120мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бекітіліп, Қарағанды облысы Әділет басқармасында тіркелді және ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда жарияланды,1 регламент Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілді, 9мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Орталық мемлекеттік органдар стандарттарды бекітпеген.
Денсаулық сақтау саласы бойынша барынша сұранысқа ие қызмет түрі: «Дәрігердің қабылдауына жазылу» – 1 842 439қызмет көрсетілген (барлық көрсетілген қызметтердің 44,2% құрайды), «Дәрігерді үйге шақыру» - 432 182қызмет көрсетілген (10,3%), «ВИЧ-инфекцияны ерікті түрде жасырын және міндетті құпия медициналық тексеру» - 161 422 қызмет көрсетілген (3,8%), сол сияқты «Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялауды жүргізу» ауыл шаруашылығы қызмет көрсету түрінің үлес саны жоғары – 555339 қызмет көрсетілген(13,3%).
Облыс бойынша 2014 жылы көрсетілгенмемлекеттік қызмет түрлерінің барынша үлкен көлемі бойынша Қарқаралы –143 561қызмет көрсету(13,9%), Бұқар жырау – 139 186 (13,5%), Ұлытау – 126 944 (12,3%) аудандарында және Қарағанды қаласында – 117 866 (11,4%) байқалады.
Мемлекеттік қызмет түрлерінің барынша аз көлемі бойынша Приозерск – 5 447 (0,5%), Саран қалалары – 13 718 (1,3%) және Ақтоғай ауданы – 14 169 (1,3%) байқалады.
Жалпы алғанда, облыс бойынша 17 басқарма, 18 қалалық және аудандық әкімдіктер, соның ішінде дербес бөлімдер, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, ауылдар, кенттер, ауылдық селолық округтер әкімдерінің аппараттары мемлекеттің қызметтер көрсетті.
Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулерқажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі мен облыстың меморгандарының ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған.
Сонымен қатар, «Электронды үкімет» бастамаларын танымал етуге және электронды сандық қолды көпшілік таратуды қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді.
«Электронды үкімет» порталы арқылы электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін алған азаматтардың қатары артып келеді. 2013 жылы «Электронды үкімет» порталы арқылы небәрі 11 мың адам қызмет көрсету түрлерін алса, 2014 жылы олардың қатары 143 мың адамға жетті.
«Қарағанды облысының электронды қызмет көрсету порталы е-krg.gov.kz» порталы Қарағанды облысында тұратын азаматтарға әртүрлі сипаттағы электронды қызмет алу мүмкіндігін ұсынады, сол арқылы тұрғындар мен облыстың әртүрлі мемлекеттік мекемелері мен қызметтерінің жедел, ашық, дәйекті және көрнекі диалогын қамтамасыз етеді.
Электронды түрге көшірілгенмемлекеттік қызмет көрсетулердің саны да артты. Егер2013 жылдың соңында мұндай қызмет көрсетулер саны 35 болса, бүгінгі күнде олардың саны 43-ке жетті.
Мемлекеттік орган (ведомствоға бағынышты ұйым) «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсететін және ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулер үлесінің артуы қағаз құжат айналымын қысқартып, тиісті шешімдер қабылдау мен оларды іске асыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді.
ХҚКО РМК Қарағанды облысы бойынша филиалында 31 бөлім, 3 өкілдікжұмыс істейді, 3 селолық пошта бөлімшелерінде (Дубовка, Ақтас және Жәйрем кенттерінде) ХҚКО қызметкерлері жұмыс жүргізеді. Селолық округтерде секторлар мен өкілдіктердің болуымемлекеттік қызмет көрсетулердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолайлы болуы үшін Ұтқыр ХҚКО құрылды. Ұтқыр ХҚКО – қажетті техникамен жарақтанған және мәліметтер базасы мен «Электронды үкімет» порталына қолжетімді арнайы жабдықталған көлік. Ұтқыр ХҚКО арқылы 1203 шығу жүзеге асырылып, 23154 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ұтқыр ХҚКО шалғай елді мекендерде тұратын азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Бұған қоса, «Бір терезе» қағидаты бойынша Қарағанды қаласының әкімдігінде 4 мемлекеттік мекеме (жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдері) жұмыс істейді, бұл қызмет берушілермен тікелей байланысты шектейді және сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады.
«Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасына сәйкесэлектронды қызмет көрсету мүмкіндігін алу үшін тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту шаралары өткізіледі.
2014 жылы облыс бойынша 25 млн. теңгеден аса сомаға 19 521 адам оқытылды.
Сол сияқты қызмет алушылардың құрылымдық бөлімшелерге мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіледі, оның аясында 483 семинар-кеңес, «дөңгелек столдар», брифингтер, конференциялар және тағы басқа шаралар өткізілді.
Облыстық және өңірлік ақпарат құралдарында «Прямая линия» «Инновациялық технологиялар - ел игілігіне», «Электронды үкімет», «Электронное правительство», «Наука и технологии», «Инновациялар» және тағы басқа арнайы айдарлар беріліп тұрады. Оларда мемлекеттік органдар мен ХҚКО-ның тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету, компьютерлік сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша тұрақты түрде материалдар жарияланады, «Электронды үкімет» арқылы әртүрлі құжаттарды алу үдерісін түсіндіретін ақпараттық материалдар шығарылады.
Газеттердің беттерінде e.gov.kz порталы арқылы әртүрлі қызмет көрсетулер алу мүмкіндігі туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жарияланады.
Телеарналар мен жарықдиодты экрандарда «Электронді үкіметті» насихаттау бойынша бейнероликтер прокаты жүзеге асырылады, арнайы телебағдарламалар шығару ұйымдастырылған.
2014 жылдың 12 айында барлығы электронды БАҚ-да 50-ге жуық бейнематериалдар, басылымдық БАҚ-да 63 жарияланым берілді. 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 10 мақала жарияланды.
Облыс бойынша қызмет көрсету кезінде меморгандар мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзу бойынша 435 бұзушылықтарға жол берген, соның ішінде 410 бұзушылық ХҚКО арқылы және 2 арыз түскен. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзу бойынша жіберілген бұзушылықтар мен арыз үшін 18 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылды (арыздар бойынша ақпарат қоса беріледі).
Облыстың жергілікті мемлекеттік атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзуының алдын алу мақсатында 2014 жыл ішінде:
- құрылымдық бөлімшелерге мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын бақылау бойынша 165 нұсқама берілді;
- мемлекеттік органдар (ведомствоға бағынышты ұйымдар) құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызмет көрсетулері сапасын бақылау ұсынымдарын қарастыру нәтижесі бойынша 96 профилактикалық шаралар қабылдады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру мақсатында облыс бойынша 2014 жылғы 21 мамырда Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіштерін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2014 жылы өңірлерге шығумен мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға консультативтік көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізілді. Анықталған ескертулер бойынша нұсқамалар берілді, консультативтік көмек көрсетіліп, семинарлар өткізілді. Облыстың меморгандары құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсету барысына тұрақты түрде ішкі бақылау жүргізеді.
«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» КМҚК«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері», «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын басқару» бағыты бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында 2014 жылы Қарағанды облысының 1 326 мемлекеттік қызметшілері оқытылды.
Бұған қоса, облыстың меморгандары ХҚКО біріктірілген ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен тұрақты байланыс жасайды. Қажеттілікке және мемлекеттік органдардың тілегіне байланысты 2014 жылғы 2-3 желтоқсанда облыстық ХҚКО-да Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлерімен оқыту өткізілді, оған жергілікті атқарушы органдардың 110 маманы қатысты.
2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері 2015 жылғы қаңтар-ақпан айларында облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің тұрғындармен жыл сайынғы есеп беру кездесулерінде қарастырылды.
Қарағанды облысының, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептері бекітілген ережеге сәйкес интернет ресурстарға орналастырылған.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай есепке алуды сапасыз тіркеу деректерін анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтерді жасақтау мақсатындаоблыс әкімі аппаратында меморгандары ай сайын мониторингтау жүргізіледі.
Қызмет алушылардыңкөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануынодан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:
- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;
- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;
-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;
- тұрғындарғамемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

  1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек тағайындау» қызметін көрсету бойынша К.А.Радиоздыңарызы

Жәрдемақы тағайындау болмауына байланысты

«Шахтинск қаласы әкімі аппараты» ММ

30.09.2014ж.

Тәртіптік комиссияның 30.09.2014ж., отырысының №1 хаттамасы,
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының Тәртіптік комиссиясының 30.09.2014ж. ұсынымы.
Арыз иесіне жауап №Фл-Р-12 0.09.2014ж.

«А.А.Рахметжанға тәртіптік шара қолдану туралы» Долинка кенті әкімінің 2014ж. 30 қыркүйектегі №38-і өкімі

-

  1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»қызметін көрсету бойынша Т.В.Ильинаныңарызы

Жәрдемақы тағайындау болмауына байланысты

«Шахтинск қаласы әкімі аппараты» ММ

30.09.2014ж.

Тәртіптік комиссияның 30.09.2014ж., отырысының №1 хаттамасы,
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының Тәртіптік комиссиясының 30.09.2014ж. ұсынымы.
Арыз иесіне жауап №Фл-И-13 30.09.2014ж.

«А.А.Рахметжанға тәртіптік шара қолдану туралы» Долинка кенті әкімінің 2014ж. 30 қыркүйектегі №38-і өкімі

-

Дата cоздания: 26 Сәуір 2016 15:28
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 26 Сәуір 2016 15:32
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы