жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2013 жылы бойынша есептер

Назад

Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының 2013 жылы мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету бойынша жұмысы туралы
ақпарат

Облыстың жергілікті атқарушы органдары ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қызмет көрсету облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдіктері деңгейінде жүзеге асырылады.
2013 жылы 125 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 3 946 414 қызмет көрсетілді, соның ішінде 45 түрі ХҚКО арқылы көрсетіледі, олар бойынша 48 717 мемлекеттік қызмет көрсетілген. «Электронды Үкімет» порталы арқылы 27 түрі көрсетіледі, олар бойынша 9 995 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Тегін негізде мемлекеттік қызмет көрсетулердің 107 түрі, ақылы негізде 18 түрі көрсетіледі. Қағаз түрінде 104 түрі және электронды формада 21 түрі көрсетіледі.
Барынша сұранысқа ие қызмет көрсетулер: «Дәрігердің қабылдауына жазылу» – 1 751 475 қызмет көрсетілген (барлық көрсетілген қызметтердің 44% құрайды), «Дәрігерді үйге шақыру» - 514 107 қызмет (13%), «ВИЧ-инфекцияны тексеруге ерікті жасырын және міндетті құпия медициналық тексеру» - 415348 қызмет (10,5%), «Ауыл шаруашылығы малдарын идентификациялауды өткізу» - 380219 қызмет (9,6%).
Қалалар мен аудандар әкімдіктері 2013 жылы 879 574 қызмет көрсеткен.
Облыс бойынша 2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша жоғары көлемі Қарқаралы ауданында - 188 577 қызмет (21,4%), Қарағанды қаласында – 110 868 қызмет (12,6%), Жаңаарқа ауданында – 75 018 қызмет (8,5%) көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша төмен көлемі Приозерск қаласында – 5 220 қызмет (0,6%), Саран қаласында – 13 272 қызмет (1,5%) және Ақтоғай ауданында – 15 047 қызмет (1,7%) көрсетілген.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
2013 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» және «Мемлекеттік қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдері бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізілді.
Мысалы, жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін 151 бұзушылыққа жол берілген (төмендеуі 86 %, 2012 жылы 1076 мерзім бұзу орын алған), соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге ХҚКО арқылы 5 және мемлекеттік органдарға 6 арыз түскен (төмендеуі 34%, 2012 жылы – 9 арыз). Түскен арыздар бойынша қызмет алушыларға түсініктер берілді (арыздар бойынша ақпарат қосымшада).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бергендері үшін мемлекеттік органдардың 7 қызметкеріне әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
Сол сияқты 2013 жылдың 25 желтоқсанында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінде Қоғамдық кеңес отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы және облыста мемлекеттік қызмет көрсетуге ішкі бақылау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері қарастырылды.
Қарағанды облысының аумағында ХҚКО-ның 31 бөлімі мен 3 өкілдігі жұмыс істейді. Сол сияқты 16 ұтқыр топтар ұйымдастырылған, олар 16 елді мекендер мен 186 ауылдық округтерге қызмет көрсетеді. Облыс аумағында «Ұтқыр ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшін 7 автомашина жұмыс істейді. 2013 жылдың ішінде «Ұтқыр ХҚКО» 56 583 қызмет көрсеткен.
Қарағанды облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді және бекітілді.
Жоспарларға сәйкес ағымдағы кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша 2013 жылғы 09-12 қыркүйек аралығында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі өңірлік орталықтың базасында аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың сайланған әкімдерінің қатысуымен «Аудандық маңыздағы қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерін заңнамалық қамтамасыз ету және өкілеттігі» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға 200 әкім қатысты. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында 1032 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын артыру мәселесін зерделеді.
Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысы бекіткен жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың 2013 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің кестесіне сәйкес жұмыс тобы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментімен және ХҚКО-мен бірлесе отырып, облыстың 18 қалалары мен аудандарында түсіндіру жұмысын жүргізді және консультативтік көмек көрсетті.
Сол сияқты қалалар мен аудандар әкімдіктері мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлімшелердегі ішкі бақылау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Тоқсан сайын облыс әкімдігінің отырыстарында облыс әкімінің төрағалығымен және бірінші басшылардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөнінде мәселе қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай есепке алу мен статистикалық мәліметтерді жасақтауды сапасыз жүргізу деректерін анықтау мақсатында облыс әкімінің аппаратында мемлекеттік органдарды ай сайын мониторингтеу жүргізіледі.
ХТҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрлері автоматтандырылады және электронды форматта көрсетіледі. «Электронды Үкімет», Е-әкімдік порталын танымал ету жандандырылды.
Облыста лицензиялаумен 3 басқарма айналысады: Денсаулық сақтау басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, олар лицензияның 6 түрін береді. Қазіргі уақытта барлық лицензиялар 100% электронды түрде ресімделеді.
Әкімдіктердің ақпараттық порталдарында электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдаланушыларға нұсқаулық пен электронды сандық қол қоюды алу бойынша нұқаулық орналастырылған.
2013 жылдың басынан бері тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілді. Облыс бойынша 36 млн. 100 мың теңге сомаға 25 829 адам (105%) оқытылды. Бұған қоса, Қарағанды облысында 2013 жылға арналған «Электронды үкімет және электронды қызмет көрсету» курсы бойынша тұрғындарды оқытудың кестесі бекітілді. Оқытуды «Зерде» АҚ жүргізді, 3700 адам (109 %) оқытылды.
Облыста «Электронды Үкіметті» дамытуды ақпараттық алып жүру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Облыстық және өңірлік ақпарат құралдарында «Прямая линия», «Инновациялық технологиялар - ел игілігіне», «Электронды үкімет», «Электронное правительство», «Наука и технологии», «Инновациялар» және тағы басқа тұрақты айдарлар жүргізіледі. Осы айдарлармен бұл тақырыптағы материалдар тұрақты түрде беріледі, мемлекеттік органдардың тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша жұмысы көрсетіледі, «Электронды үкімет» арқылы әртүрлі рұқсат ету құжаттарын алудың үдерістерін түсіндіретін ақпараттық материалдар шығарылады.
Газеттердің беттерінде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жарияланады.
Телеарналар эфирі мен жарықдиодты экрандарда «Электронды үкіметті» насихаттау бойынша бейнероликтер көрсету жүзеге асырылады, арнайы телебағдарламаларды шығару ұйымдастырылған. 2013 жылы барлығы электронды ақпарат құралдарында 53 бейнематериал, баспалық басылымдарда 68 жарияланым берілді.
Сыртқы жарнама қоғамдық санаға ықпал ететін пәрменді құрал болып табылады, сол себепті облыста «Электронды үкіметті» насихаттау жөнінде сыртқы әлеуметтік жарнаманың әртүрлі түрлерін орналастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Облыс аумағында осы тақырыпта 8 сыртқы жарнама нысандары (3Х6 билбордтар), 80 плакат орналастырылды.
Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет түрлерімен, соның ішінде электронды форматта одан әрі қамтамасыз етуі мақсатында ұсынамыз:
Қалалар мен аудандар әкімдері, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін басқармалар басшылары:

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша есеп жүргізу және статистикалық мәліметтер жасақтау жөнінде бөлімдерге ішкі бақылауды ай сайын жүргізсін;
  2. Қызмет көрсету мерзімін бұзған жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартумен мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетудің сапасын арттыру мәселесін ай сайын аппарат мәжілістерінде қарастырсын;
  3. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызмет көрсетулерді бағалау шеңберінде ұсынылатын есепті мәліметтерді жинақтаудың, дәлдігінің, толықтығының сапасы бойынша әдістемелік ұсынымдар жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
  4. Мемлекеттік қызмет көрсетулерге стандарттарды, регламенттер мен нұсқаулықтарды ресми сайттарда орналастырсын және тұрақты түрде жаңартып тұрсын.
  5. Қолданыстағы заңнамамен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламенттерін әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етсін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәлімет

Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет

Г.Т. Амировтың гараждың мекен-жайын анықтау бойынша анықтаманы алу түрінде қызмет көрсетуіне өтініші

Стандартта талап етілмейтін құжат-жер учаскесіне топографиялық сурет болмағандықтан қызмет көрсетуіне жазбаша бас тартылған

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігініің Қарағанды облысыныдағы Тәртіптік кеңесі

26.11.2013 жыл

««Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын бұзу фактісі бойынша жоспардан тыс материалдарды қарастыру туралы тексеріс бойынша» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігініің Қарағанды облысыныдағы Тәртіптік кеңесінің 26.11.2013 жылғы № 22 Қаулысы

«К.Ш. Мусаевқа Тәртіптік жаза қолдану туралы» Қарағанды қаласы әкімінің 03.12.2013 жылғы №417/к өкімі

-

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы