жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 23°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Назад
01 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 31 тамызында Қарағанды облысының ХҚО департаменті мен Қарағанды облысының білім басқармасы өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойды

Фото: karaganda-region.gov.kz

2017 жылдың 31 тамызында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалы ХҚО департаменті мен Қарағанды облысының білім басқармасы өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойды, облыстың мектеп бітіруші сыныптарының оқушыларын ХҚО мамандарымен «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға оқыту икемді әдіс болып табылады.

Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету баса назар аударылады. Бұл біздің қоғамның дамуының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Еліміздің бизнесіне және халыққа жайлы жағдайлар жасау, бюрократиялық кедергіні жою және сыбайлас жемқорлық қатеріне жол бермеу бойынша билік өкілдерімен өзара әрекет ету қажет. «Электрондық үкімет» порталы мәселенің шешімінің басты тетігі болып табылады.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтердің 723 түрі көрсетіледі, оның 436 – толық автоматтандырылған және Портал арқылы алуға қолжетімді. Жергілікті атқарушы органдармен мемқызметтің 177 түрі көрсетіледі, оның ішінде 84 -і электрондық түрде.

Соңғы есеп бойынша ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдармен 68% мемқызмет электрондық түрде көрсетілген. Электрондық мемқызметтердің саны соңғы жылдары облыста тұрақты дамуын атап көрсету қажет.

Дегенмен, «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасымен көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 2020 жылда 80 пайыздық электрондық қызметтер деңгейіне жеткізу міндеті қойылған.

Осы мақсатқа жету үшін бұл жоба бастамашалық жасалған.

Мектеп бітіруші сыныптардың оқушылары оқуды бітіріп, жеке куәлігін алып ертең мемқызметтерді ықтимал алушылар болады. Меморандумның түпкілікті мақсаты – оларға «Электрондық үкімет» порталымен тілдесу машығын үйретіп, сауатты және білікті қолданушылар ету. Нәтижесінде олар мұны өздері үйреніп, содан кейін жақындары мен туыстарын үйрете алады.

Меморандумға қол қою рәсімінде облыс аймақтары бейнеконференц байланысы бойынша қатысты.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы