жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Сұраныстардың, өтініштердің, сұрастырулардың талдауы

Назад

Азаматтардың арыздануға деген құқығы Конституцияда жарияланған маңызды құқықтардың бірі болып табылады. Азаматтардың арыз-шағымдары – тұрғындардың нақты қажеттіліктері туралы ақпарат көзі, сондықтан олармен жұмыс атқарушы органның оң имиджін қалыптастырудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады.
«Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 12.01.2007ж. № 221 Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде арыздарды қарау мерзімін бақылау, мәселелерді шешу барысында азаматтармен мұқият және сыпайы қатынас жасау, арыздарды жан-жақты талдау, олардың туындау себептерін жою бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылған және соған сәйкес жүзеге асырылады.
2019 жылдың өткен кезеңінде облыс әкімі аппаратына 3977 арыз (жеке тұлғалардан 3402 арыз және заңды тұлғалардан 773 арыз) түсті.
Солардың ішінде жоғары тұрған органдардан - 930, соның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігінен – 343
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 276
ҚР Парламентінен – 64
ҚР министрліктері мен ведомстволарынан – 247
Азаматтардан келіп түскен шағымдардың арасынан 898 шағым тұрғын үй мәселесі бойынша (пәтер алу, апаттық үйден көшіру, пәтерді, үйді, шатырды жөндеу, жертөлелерді су алуы, жылыту, суық және ыстық сумен жабдықтау, электр энергиясымен қамтамасыз ету, абаттандыру, ПИК жұмысы мәселелері), 330 шағым әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша (жұмысқа орналасу және босату, еңбекті ұйымдастыру, қорғау және еңбекақы төлеу, зейнетақыны есептеу мен қайта есептеу), 96 шағым денсаулық сақтау мәселелері бойынша (емделуге көмек көрсету, медициналық мекемелердің жұмысы), 133 шағым білім беру мәселелері бойынша, 75 шағым мәдениет, өнер және спорт мәселелері бойынша.
Азаматтардың арыз-шағымдарында баяндалатын мәселелердің сипаты мен мазмұны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды көрсетеді. Қазіргі уақытта коммуналдық және тұрғын үй мәселелері бойынша шағымдардың саны жоғары деңгейде болып отыр. Азаматтардың көтерген мәселелері арқылы облыс әкімі аппараты өңірлердегі орын алған мәселелер, сол сияқты жергілікті жерлердегі билік органдары жұмысының бағасы туралы ақпарат алады.
Азаматтырды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Биылғы жылы 393 адам жеке қабылдауда болды.
Бұған қоса, азаматтардың ауызша шағымдарымен Бірыңғай диспетчерлік қызмет (т.502073) жұмыс жүргізеді, ол тәулік бойы режимде жұмыс істейді.
ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін облыс әкімдігінің ғимаратына азаматардың ұсыныстары, ескертпелері, үнқатулары мен арыздары үшін жәшік орнатылған.
Азаматтармен өзара бірлесе іс-әрекет ету нақты шешімдер қабылдау үшін жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Дата cоздания: 17 Маусым 2016 17:08
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 09 Қаңтар 2020 12:45
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы