жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 20°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

«Экспорт – 2020» Бағдарламасына естелік

Назад

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Экспорт – 2020» бағдарламасын іске асыру, отандық өңделген өнімді, қызметтерді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындарды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қолдау отандық өнімді, қызметтерді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындардың 50% өтеу жолымен көрсетіледі.

«Экспорт – 2020» Бағдарламасының операторы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ болып табылады.

I. ЭКСПОРТЕРЛЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ немесе экспортерлер шығындарын өтеу

Экспортерлерді қаржылық қолдау сыртқы нарықтарға отандық өнімді шығару кезіндегі экспортерлердің шығындарын 50 % өтеу жолымен көрсетіледі.

ӨТЕУГЕ ТИЕСІЛІ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ:

    1. Тауарлық белгілерді тіркеу және өнімді сертификаттау

    2. Өтелетін шығындардың баптары – шетелге экспорт мақсатында тауарлық белгілерді тіркеу және өнімді сертификаттау рәсімдеріне байланысты шығындар;

    3. Шетелде өкілдікті ұстау (офис, қойма, сауда нүктесі, шоу-бөлмелер)

    Шығындардың өтелетін баптары – қызметтің алғашқы үш жылы бойында өкілдікті ашу және ұстау (коммуналдық қызметтерді төлеуді қосқанда);

    4. Шетел көрмелерге қатысу

    Шығындардың өтелетін баптары – тіркеу салымын төлеу, көрме алаңдарын жалдау, көрме стендтерін жасау (немесе жалдау), тарату материалдары (каталогтар, буклеттер, парақтар);

    5. Отандық өнімді жарнамалау

    Шығындардың өтелетін баптары – шетел БАҚ PR компания және жарнамаға шығындар (баспа, радио, теледидар, қоғамдық баннерлер), салалық мамандандырылған каталогтарда.

    6. Кәсіпорын қызметкерлерін оқыту

    Шығындардың өтелетін баптары – шетелде кәсіпорын қызметкерлерін оқытуды өтеуге шығындар, шетел консультанттарын,эксперттерді, технологтарды, инженерлерді қазақстандық өндіріске тарту.

    7. Франшизаны тарту

    Шығындардың өтелетін түрлері – франшизаны тарту және сатып алу.

    8. Веб-сайтты құру және іске қосу

    Шығындардың өтелетін түрлері – шетел тілдерінде сайттарды құруға және іске қосуға шығындар.

    9. Шетел нарықтарын маркетингтік зерттеу

    Шығындардың өтелетін түрлері – қазақстандық өнімнің экспортын ұйымдастыру мақсатында шетел тауар нарықтары бойынша маркетингтік зерттеуді әзірлеуге шығындар.

Қазіргі уақытта «KAZNEX INVEST» АҚ «Экспорт-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдың 29 маусымынан 2013 жылдың 29 маусымы аралығындағы кезеңде өнімді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты 2013 жыл шығындардың 50% өтеу түрінде қаржылық көмекті алуға экономиканың шикізаттық емес секторының өнімін экспорттаушылардан өтінімдерді жинау бойынша жұмысты жүргізуде..

Бұл бағдарламаға қатысу үшін толық ақпаратты алу мақсатында «KAZNEX INVEST» АҚ Экспорттық гранттар департаментімен хабарласыңыздар тел: +7 (7172) 79 93 93 (вн.1010, 1043, 1044), www.kaznexinvest.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы