жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің үндеуі

Назад

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді 2012 жылғы 21 қарашада Қарағанды қаласында өтетін «ҚарағандыИнвест-2012» ІІІ Халықаралық инвестициялық форумының жұмысына қатысуға шақырамыз.
Форум Қазақстан Республикасы Үкіметінің белсенді қолдауымен әрі тікелей қатысуымен Қарағанды облысының әкімдігі тарапынан ұйымдастырылып отыр.
Бұл оқиға Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстағы қолайлы инвестициялық ахуалды жақсартуға, облыс экономикасына құйылатын отандық және шетелдік инвестициялар ағынын одан әрі ынталандыруға бағытталған.
Форум жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, республикадағы және өңірдегі ұлттық компаниялардың, даму институттарының, шетелдік компаниялардың, қаржы институттарының, ірі және шағын бизнестің өкілдері шақырылады.
Әлеуетті инвесторларға нақты инвестициялық жобаларды талқылауға және облыс кәсіпорындарының инвестициялық жобаларына қатысты молынан деректер алуға бірегей мүмкіндік ұсынылады.
Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлар үшін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының таныстырылымы өтеді, қатысушы кәсіпорындарға өздерінің инвестициялық жобаларын жеке-жеке таныстыруға мүмкіндік беріледі.

  1. Форумға қатысуға, сөйлейтін сөздеріңіздің тақырыбына қатысты ұсыныстарыңызды, инвестициялық жобаларыңыздың таныстырылымдарын 2012 жылғы 25 қазанға дейін e-mail: veskarobl@mail.ru электронды мекенжайына не + 8 /7212/ 425740 телефоны/факсы арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.
  2. Инвестициялық жобалар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қабылданады, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, 429-кабинет, байланыс телефоны: +8 /7212/ 425740.
  3. Форум жұмысына делегат ретінде қатысу мәселелері бойынша «Expo&Event» ЖШС-ға хабарласуларыңызды сұраймын, тел.: +7 7172 78 25 80, +7 7172 78 25 79, e-mail: assemgul.sagnayeva@expoevents.kz, zhazira.algashova@expoevents.kz.

Баршаңызды «ҚарағандыИнвест-2012» ІІІ Халықаралық инвестициялық форумы аясында белсенді сұхбат құруға шақырамын.


Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қарағанды облысының әкімі
Ә. Құсаинов

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы