жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша жадынама

Назад

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

 

мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының
ЖАДНАМАСЫ

 

Құрметті әріптестер!

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін  және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек?

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:

  • заңдылық;
  • Қазақстандық патриотизм;
  • азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;
  • лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
  • мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;
  • әдептілік;
  • құқық бұзушылықтарға төзбеушілік.

 
Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:

  • жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын  сақтауға;
  • мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;
  •  егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;
  • мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;
  • мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
  • егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;
  • қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
  • өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;
  • қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;
  • лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;
  • пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;
  • қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;
  • мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;
  • шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;
  • қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;
  • қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әдеуметтік желілер арқылы;
  • Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;
  • өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;
  • әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
  • қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
  • әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;
  • сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;
  • көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;
  • мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.

Қызметтік әдеп нормаларын қолдануда талас туындаған жағдайда Сіз мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкіліне (ол жөнінде ақпарат мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған)  және Агенттікке 8 (717) 275-34-12 телефоны арқылы немесе оның аумақтық құрылымдарына шағымдана аласыз.

 

Құрметті әріптестер!
Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді. 
Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.

Дата cоздания: 01 Қазан 2018 14:29
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 01 Қазан 2018 14:30
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы