жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Сыйлықтарды тапсыру бойынша жадынама

Назад

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың (бұдан әрі – тұлғалар)алған сыйлықтарын мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi органға немесе жергілікті атқарушы органға өткізуі туралы
ЖАДЫНАМА

1. Тұлға сыйлық алғанын (алғанын білгеннен) кейінгі 7 күнтізбелік күн ішінде (білмей келіп түскен; тұлғаның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндетттерін атқаруына байланысты; жариялы түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген (табысталған) сыйлықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) өткізеді.
Сыйлықты өткізу тұлғаның сатып алу не болмаса сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) тіркей отырып белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО түзген мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісімен жүргізіледі. 

2. Хабарлама төмендегідей мәліметтерді қамтуы тиіс:
уәкілетті органның немесе ЖАО атауы;
сыйлықты өткізуші тұлғаның аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері;
сыйлықтың атауы, саны және қысқаша сипаттамасы;
сыйлықты сатып алуға немесе сатып алудан бас тартуға келісімі туралы ақпарат;
Ал сыйлықты сатып алған жағдайда жоғары тұрған лауазымды тұлға хабарламаға сатып алу келісімі туралы белгі (Аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолтаңбасы) қояды.

3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға өткізген кезде, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдайды. ЖАО-ға өткізілген сыйлықтар уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген мерзімде есепке алу, сақтау және бағалау үшін тапсырылуға жатады.

4. Уәкілетті орган сыйлықты өткізген тұлғадан тиісті хабарлама алғаннан кейінгі 7 күнтізбелік күн ішінде сыйлықтың бағалауын жасайды және көрсетілген тұлғамен сатып алу-сату туралы шарт жасасады.
Тұлғалардың ЖАО-ға өткізген сыйлықтары бойынша бағалау жасау және сатып алу-сату туралы келісім жасасу мерзімі жергілікті атқарушы органынан тиісті хабарлама алған сәттен бастап есептеледі.

5. Уәкілетті орган арнайы мемлекеттік қордағы сыйлықты үшінші тұлғаларға сатуға сыйлықты өткізген тұлғаның сатып алудан жазбаша бас тартуынан кейін ғана сатуға құқылы.

 

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 472 бабының 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүліктерді толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жаауапкершілік қарастырылған.
Уәкілетті орган мекен-жайлары туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

 

Жадынамаға қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
аумақтық бөлімшелерінің тізімі

№ п/п

Атауы

Мекен-жайы

1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

010000, Астана қ., Әуезов көшесі 14

2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

050051, Алматы қ., Достық даңғылы, 134

3

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

020000, Көкшетау қ., М. Әуезов көшесі, 230

4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

030020, Ақтөбе қ., Ш. Қалдаяқов көшесі, 33

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

040000,Талдықорған қ., Тәуелсіздік көшесі, 75

6

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалы

050000, Алматы, қ. Желтоқсан көшесі, 114

7

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

060002, Атырау қ., Абай көшесі, 10а

8

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

070004, Өскемен қ., Крылов көшесі, 114

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Семей филиалы

071405, Семей қ., Интернациональная көшесі, 38

10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

080009, Тараз қ., Әл-Фараби көшесі, 11

11

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

090006, Орал қ., Достык-Дружба даңғылы, 208

12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

100000, Қарағанды қ., Костенко көшесі, 6

13

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жезқазған филиалы

100602, Жезқазған қ., Гагарин даңғылы, 37А

14

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

110000, Қостанай қ., Гоголь көшесі, 75

15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

120001, Қызылорда қ., Д.Қонаев көшесі, 7 "А"

16

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

130000, Ақтау қ., 9 м/а, 23 үй

17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

160011, Шымкент қ., Ильяев көшесі, 24

18

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

140000, Павлодар қ., Академик Сәтпаев көшесі, 136

19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

150000, Петропавл қ., Советская көшесі, 34

20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

468320, Байқоңыр қ., Королев даңғылы, 33

Дата cоздания: 01 Қазан 2018 14:16
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 01 Қазан 2018 14:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы