жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы ақпарат

Назад
19 Шілде 2019

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2019 жылғы 1 жарты жылдығының қызметі туралы ақпараты

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың бұзылуының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі бойынша қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Тұрақты негізде қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында қалалар мен аудандардың әдеп жөніндегі комиссары 2019 жылғы 1 жарты жылдығында мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру үшін барлығы 221 түрлі іс-шара өткізілді, олардың 44-і бұқаралық ақпарат құралдарында, 13-і интернет-ресурстарда, 4-і теле- және радио материалдарында, 160-дан астам дәрістер мен семинарлар өткізілді.
Ауылдық елді мекендерге 86 көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Облыс, қала және аудан әкімдіктерінің интернет-ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің контенті жұмыс істейді, онда Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, қабылдау кестесі, сондай-ақ қалалар мен аудандар Әдеп жөніндегі уәкілдердің байланыстары орналастырылған.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің институты туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін "Facebook" әлеуметтік желісінде "Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл" белсенді жұмыс істейді, онда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат, фото мерзімді түрде жіберіліп отырылады.
Сондай-ақ, шұғыл әрекет ету мақсатында "wattsApp" мобильдік қосымшасы да пайдаланылады.
Айта кету керек, жеке кеңес алу үшін мемлекеттік қызметкерлердің өтініштерінің саны төрт есе артты.
Жыл басынан 454 мемлекеттік қызметшіге, сондай-ақ кеңес алуға жүгінген 25 Жеке тұлғаларға жеке консультациялық көмек көрсетілді.
Азаматтардың жеке қабылдаулары тұрақты негізде өткізіледі. Өткен кезеңде қалалар мен аудандардың Әдеп жөніндегі уәкілдері 147 жеке қабылдау өткізді, оның ішінде 16 азаматтардың көшпелі қабылдаулары.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 27 өтініш түсті.
Қызметтік әдеп, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылау мақсатында күн сайын әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунттарына мониторинг жүргізіледі.
Моральдық-психологиялық климаттың жағдайына мониторинг жүргізу және талдау жүргізу мақсатында ұжымдарда облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында анонимді сауалнама жүргізіледі.
Жалпы облыс бойынша 1069 мемлекеттік қызметші анонимді сауалнамамен қамтылды.
Анонимді сауалнама жалпы жергілікті атқарушы органдар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық жағдай тұрақты екенін көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлер әріптестерінің сыпайылығы мен әдептілігін, тікелей басшылардың объективтілігін, басшылардың ұжымда тек іскерлік қарым-қатынас жасауға ұмтылысын атап өтеді, өзінің тікелей басшыларына деген сенімін білдіреді.
Анонимді сауалнаманың қорытындысы талданды және облыстық басқармаларға, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне ұсыныстар жіберілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында тәртіптік тәжірибені, қызметтік тергеу материалдарын, азаматтардың мемлекеттік қызметкерлерге келіп түскен шағымдарын зерделеу арқылы құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізілді.
Тәртіптік теріс қылық жасауға ықпал ететін себептерді талдау негізінен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын көрсетті, ол жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарамау, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің сапасыз орындалуы, мемлекеттік сатып алу саласындағы, әскери шақыруды ұйымдастыру кезінде, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, мемлекеттік рәміздер стандарттарын сақтамау, жер қатынастары саласындағы бұзушылықтар. Талдау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүйелі негізде мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік сатып алу салаларында, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, еңбек заңнамасын қарау бойынша қолданыстағы заңнамаға түсінік беру ұсынылды.
Өңірлердің Әдеп жөніндегі уәкілі ауылдық өңірлерге барып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы мемлекеттік органдарының заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің отырысында облыстың жергілікті атқарушы органдарында құқықтық жалпы оқыту бойынша іс-шараларды іске асыру мәселесін қарау туралы ұсыныс енгізілді.
Бұдан басқа, облыстық мемлекеттік құрылымдардың мемлекеттік қызметшілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға мониторинг жүргізілді. Негізінен, анықталған құқық бұзушылықтар жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодекс нормаларын түсіндіру бойынша әңгіме жүргізілді.
Есеп беру кезеңінде Әдеп жөніндегі қалалар мен аудандардың уәкілдерінің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды климатты қалыптастыруға үлес қосқан 80 мемлекеттік қызметші құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Кешенді жоспарды орындау үшін Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарда қажетті ақпараттың сұраныстарын қарауға қатысты құжаттарға қол қою құқығы берілген. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы